Жұбайлар шаттығЫ


Сұрақ: Тәубеге келмекші болса, не істегенi жөн?  Жауап



Pdf көрінісі
бет35/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

Сұрақ:
Тәубеге келмекші болса, не істегенi жөн? 
Жауап:
Әуелі «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай 
жоқтығына және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік 
беремін, істеген ісімнен Аллаһқа қайттым» деп кәлима айтып, 
тәубеге келеді. Егер күйеуі Ислам дініне мойынсұнудан бас 
тартса, онда балалары болғанына да қарамастан, тез арада 
ажырасқаны дұрыс. 
Сұрақ:
Мемлекеттік неке сарайында қиылған неке шариғатқа 
сай бола ма? 
Жауап:
Егер жоғарыда аталған шарттардың барлығы түгел 
болса, онда неке дұрыс деп табылады. Ал оны қандай орында 
қиып, тіркелгендігінде тұрған еш ерекшелік жоқ. Дегенмен 
әлемнің көптеген елдеріндегi неке рәсiмдеу үрдiсiнде шариғат 
шарттарының толығымен орындалуына мән берiлмейтiнi рас. 
Неке қиюшылар Исламда талап етілген шарттардың толық 
орындалғанын не орындалмағанын ескере бермейдi. Ендеше, 
мұндай некелердi қалайша дұрысқа жатқызамыз?! 
Сұрақ:
Ата-анасы қыздарының ризалығын алмай, тұрмысқа 
берулеріне бола ма? 
Жауап:
Жоқ, неке тек қана қыздың ризалығымен қиылады. 
Сұрақ:
Әйелдің мәһрін яки бір бөлігін оның рұқсатынсыз 
алуға бола ма? 
Жауап:
Жоқ, болмайды. Тек қана әйелдің өзі қалап берсе, 
алуға болады. Мәһр – әйелдің өзіне ғана тиесілі, жеке ақысы. 


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет