30
шынымен, көңiлi құласа, онда ол
құмарлыққа бойын жеңдірген,
иманында әлсіз әйел болғаны...
ә) Негізінде, мұсылман еркекке Ислам дiнiндегiлерден өзге,
тек қана кітап иелеріне, яғни яһуди немесе христиан дініндегi
әйелдерге үйленуге рұқсат бар. Ал кітап иелерінен басқа дінсіз,
будда яки индуизм нанымындағыларға немесе бұтпарас, отпарас
және Исламнан қайтқан әйелге үйлену харам. Бұл ескертудiң
еркектерге де қатысты екенін атап өткенiмiз жөн. Сол секілді
мұсылмандар арасында
туып-өскеніне қарамастан, Ислам дініне
деген көзқарасы теріс, дұшпандық пікірдегі әйелге үйленуге
мүлде тыйым салынған. Үйленуді мақсат тұтқан еркек Аллаһты
және Оның елшісін (с.а.с.) сүйетін, шынайы мұсылман әйелді
таңдағаны абзал. Орамал тартуды жек көретiндiктен, шариғат
киімдерінен бас тартып, оны ескіліктің нышаны деп бағалайтын
әйелден жақсылық күтуге болмайды. Әлбетте,
мұсылман
отбасында дүниеге келгенiне қарамастан, Аллаһ тағаланы, Оның
елшісін (с.а.с.), дінін, үкімдерін қастерлемеген әйел мұсылман
адамға жар бола алмайды. Өмірлiк жолдас болуға лайықты жар
таңдарда жаңылмас үшiн мұндай әйелден аулақ болған жөн.
Қателесудiң ақыры орны толмас өкiнiшке апарары шындық.
Жоғарыда кітап иелерінен болған әйелдерге үйленуге шариғат
бойынша рұқсат етiлетіні айтылды. Дегенмен бұл мәселені
айқындап, түйінін тарқатып түсіндіру қажеттілігі туындайды.
Негізінде, яһуди мен христиандарға үйлену, қалай болғанда да,
мәкруһ (яғни жақсы емес). Үйленуге мүмiн әйелді таңдау одан
гөрі абзал. Шариғат бойынша, кітап иелері бiрнеше шарттарға
сай болғанда ғана оларға үйленуге рұқсат етiлген. Егер аталмыш
шарттар
толық болмаса, онда неке харам болып табылады. Ендi
сол шарттарға толығырақ тоқтап өтелiк:
1) Кітап иелерінен деп танылған әйел, ақиқатында да, нағыз
кітап иесінен болуы шарт. Яғни нанымы бойынша яһуди немесе
христиан дiнiн ұстануы мiндет. Егер бұл әйел дінін тастаған
дінсіз немесе будда яки индуизм нанымына ерiп кеткен болса,
оған үйлену харам. Мұндай келеңсiздiктерге Батыс елдерінде
білім алып, сол жақтан үйленбекші болғандардың ұрынып
31
жататыны шындық. Үйленетін еркек мәкруһ болса да, некелері
дұрыс болуы үшін өзi таңдаған әйелдің не шынайы христиан
немесе яһуди дiнiнде екенін анықтап алуы қажет.
2) Еркектiң шын мәнінде иманы кәмiл мұсылман болуы шарт.
Яғни кітап иелерінен болған әйелі балаларының дініне, ислами
мінез-құлықтарына әсер етуіне жол бермеуі керек. Өйткенi өзі
дүниеден өткен жағдайда, балаларының жай-күйі не боларын
алдын ала ойластырғаны жөн.
Кез келген мұсылман адам
кәпірлер арасында тұратын өзге де мұсылмандардың не күйге
түскендерiн ұмытпауы қажет. Тiптi олардың арасында құмарлық
жетегiмен Батыс елдерiнде отау тігіп, сол қоғамға сiңiп
кеткендiктен, өз діндерін ұмытқандары да баршылық. Осының
салдарынан олар болашағына залал тигiзiп, өз кiндiгiнен өрбіген
балаларына ие болмай қалып жатады. Мiнеки, осындай
қателіктер кесiрiнен атасы мұсылман, бейкүнә сәбилер
кәпірлердің ұрпағына айналады. Сондықтан мұсылманның
ұрпағы өзге дін өкілі есептелген анасының дініне өтіп кету қаупі
бар болған жағдайда кітап иелерінен болған әйелге үйленуге
тыйым салынады.
Қорыта
айтқанда, шариғат бойынша мұсылман емес әйелге
үйлену игi iстерден емес. Керісінше, мұсылман ер қандай
болғанда да мұсылман әйелге үйленгені абзал. Мұсылман әйел
әрқашан күйеуіне сенімді жар, балаларына мейiрiмдi ана болары
хақ. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: