32
Сұрақ:
Мұсылман емес еркекпен шіркеуге барып үйленген
мұсылман әйелдер бар. Осындай некенің үкімі қандай болады?
Жауап:
Бұл неке дұрыс деп саналмайды. Негізінде, мұсылман
әйелдің шіркеу амалдарын орындауы, Исламнан шыққанын
айғақтайды. Сондықтан ол тәубеге келіп, жаңадан калима айтып,
Исламды қабылдауына тура келеді. Ислам шариғатында
мұсылман әйелдің кәпір еркекке тұрмысқа шығуына қатаң тыйым
салынған. Сондықтан да кімде-кім «Исламда кәпір еркекке
тұрмысқа шығуға рұқсат» деп білсе, шариғат тыйым салғанға
қарсы шыққаны үшін ол мұсылман деп есептелмейді.
Достарыңызбен бөлісу: