59
етсе жетеді» десе, кейбіреулері «тәубе етіп, кәффарат беруі
керек» дейді. Кәффарат мөлшері жайында бiреулері «бір динар»
десе, екiншiлерi «жарты динар» дегендi айтады.
Сондықтан
мұндай адам алдымен тәубесіне келiп, садақа бергені жөн.
Сұрақ:
Ерлі-зайыптылар құмарлықтарын қоздыру үшін
жыныстық қатынас жайындағы фильмдерді көрулеріне бола ма?
Жауап:
Жоқ,
болмайды.
Мұндай
фильмдер
үлкен
бұзықтықты, өзгенің қарауына тыйым салынған дене мүшелеріне
қарауды, еркек пен әйел арасында
құпия сақталатын істерді
жария ететiндiктен, харам етілген.
Оны бейне немесе елес деп
рұқсат ету шындыққа қайшы болады. Өйткені көз алдыңызда
қойылған фильм – елес те, жай ғана сурет те емес.