Жұбайлар шаттығЫ


Сұрақ: Еркектің әйелімен бір төсекке қай кезде жатпауына  болады?  Жауап



Pdf көрінісі
бет68/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

Сұрақ:
Еркектің әйелімен бір төсекке қай кезде жатпауына 
болады? 
Жауап:
Егер әйел белгілі себеппен күйеуіне бағынбаса және 
еркектiң өз тірлігі шариғатқа қайшы болса, бірге жатпауына 
болады. 
Бірақ 
еркектің 
әйеліне 
ашуланып 
не 
жақтырмағандықтан, жар төсегiнен жеруі дұрыс емес. Бұлай ету 
жақсы қатынас жасауға бұйырған шариғат үкіміне қайшы келеді. 
Сұрақ:
Егер еркек етеккірi келген немесе босанған әйелімен 
қосылып қойса, бұған өтем (кәффарат) бар ма? 
Жауап:
Ғұламалардың ортақ пiкiрi бойынша мұндай әйелмен 
қосылу күнәға жатады. Сондықтан мұны жасаған ер адам Аллаһ 
тағалаға шынайы тәубе жасауы керек. 
Ал кәффарат және оның мөлшері жөнінде ғұламалар арасында 
әртүрлі таласты пікірлер қалыптасқан. Кейбір ғұламалар «тәубе 
1
Әт-Тирмизи. 


59 
етсе жетеді» десе, кейбіреулері «тәубе етіп, кәффарат беруі 
керек» дейді. Кәффарат мөлшері жайында бiреулері «бір динар» 
десе, екiншiлерi «жарты динар» дегендi айтады. Сондықтан 
мұндай адам алдымен тәубесіне келiп, садақа бергені жөн. 
Сұрақ:
Ерлі-зайыптылар құмарлықтарын қоздыру үшін 
жыныстық қатынас жайындағы фильмдерді көрулеріне бола ма? 
Жауап:
Жоқ, 
болмайды. 
Мұндай 
фильмдер 
үлкен 
бұзықтықты, өзгенің қарауына тыйым салынған дене мүшелеріне 
қарауды, еркек пен әйел арасында құпия сақталатын істерді 
жария ететiндiктен, харам етілген. Оны бейне немесе елес деп 
рұқсат ету шындыққа қайшы болады. Өйткені көз алдыңызда 
қойылған фильм – елес те, жай ғана сурет те емес. 


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет