14. Сауал-жауап Сұрақ: Алғашқы түнін өткізушілерге қандай ақыл-кеңес
ұсынасыз?
Жауап: Жас-жұбайларға туған-туыстары бұл мәселені егжей-
тегжейлі түсіндіргенi жөн. Яғни ағасы немесе нағашысы сияқты
туыстарының бірі жігітпен оңаша сөйлесіп, оған әдеппен
түсіндіреді. Сол сияқты қызға да әпкесі не жеңгесі немесе өзге де
жақын туыстарының бірі алғашқы түн жайлы мәселені көңіліне
қондырады.
Сұрақ: Кейбір елдерде «қыздық қанын көрсету» әдеті бар.
Бұл шариғат тұрғысынан қарағанда, қаншалықты дұрыс?
Жауап: Жоқ, бұл жақсы әдеттерге жатпайды.
Сұрақ: Аптасына қанша рет қосылған дұрыс?
Жауап: Бұл – ерлі-зайыптылардың қалауларына байланысты
орындалатын болғандықтан, әркiмнiң өз еркiнде болатын іс.
Сұрақ: Күйеуін қызықтыру үшін әшекейлену, жұқа, қысқа
киімдер кию, түрлi сөздер мен істер арқылы оны өзіне
сұқтандыру діндар әйелге лайық па?
Жауап: Әлбетте, лайық. Өйткені діндар әйел өзін де, күйеуін
де таза сақтауы керек. Осылай жасайтын әйел жаннатқа лайықты,
игі әйел екенi анық. Қасиеттi Құранда Аллаһ тағала: