65
Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз, Ол толық
Білуші, аса Күшті»
1
, – делiнген.
Демек, Аллаһ тағала қалағанына ғана ұл немесе қыз береді.
Тіпті кейбіреулерге ұл мен қызды егіз етіп берсе,
келесi
бiреулердi бедеу етiп, мүлдем бала бермейді.
Перзент мәселесінде Аллаһтың жазғанына разы болу пенденің
иманына келіп тіреледі. Шынайы мүмiн Аллаһ тағаланың өзіне
нәсіп еткеніне (берсе де, бермесе де яки ұл немесе қыз берсе де)
разы болады. Аллаһтың бергені – сый, бермегені – әділдік. Адам
баласы
ғайып істердің сырын, жай-күйін біле бермейді. Мұның
баршасы бір Аллаһқа ғана аян. Сондықтан
әлемдердің Раббысына
бойсұнып, Оның берген тағдырына риза болған жөн. Аллаһ
тағала перзент бермеген ерлі-зайыптылар бедеуліктiң кiм себептi
болғанына қарамай, жазымышқа разы болып, тұрмыстарын бірге
жалғастырса игi. Ал олардың бірі ұрпақсыз өтуге келіспесе, онда
Аллаһ тағала шығатын жолды көрсеткен. Бедеулiктің себебі әйел
денсаулығына байланысты болса, күйеуі
оны өз қолында
қалдырып, екінші әйел алуына болады. Бәлкiм, Аллаһ тағала
келешекте оған осы әйелден балалы болуды нәсіп етер. Егер бұл
шешімге келісе алмаса немесе
еркектің екі отбасын бiрдей
асырауға шамасы жетпесе, онда олардың ажырасуларына болады.
Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: