Сүйек туберкулезінен ажырату қиын емес. Сүйектердің туберкулезді зақымдануы қазіргі кезде өте сирек кездеседі және біртіндеп дамуымен сипатталады. Дегенмен баланың аяғы ауырса да жүруін тоқтатпайды.
Жедел остеомиелитті жарақаттардан ажыратуда мұқият жиналған анамнездің, септикалық көріністердің болмауының және рентгенолгиялық зерттеу нәтижелерінің ролі зор.
Сүйек қабығы астындағы сынықтар диагноз қоюда қиындық туғызады, бірақ 6-7 күннен кейін жарақат аймағын қайталап түсірген рентгенограммада, анықталатын сүйектену кезеңі диагнозды нақтылайды.
Жедел гематогенді остеомиелитке күдіктенген балаларды тез арада аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызу керек. Емхана дәрігері науқасты тасымалдаған кезде зақымдалған аяқтың немесе қолдың иммобилизациясын қамтамасыз етіп қадағалайды.
1 айға дейінгі балалардағы жедел остеомиелит ерекшеліктері: Балалардың алғашқы айларында остеомиелит эпифизарлық деп аталады.Үлкен балаларға қарағанда, эпифиз бен метафиз нәрестелерде бөлінген және өсу ошағы бар, эпифизден тұрады. Ол шеміршек тіннен тұрады және рентгенограммада көрінбейді.Эпифиздің шеміргшек тінінде қабыну ошағы болады.Соған байланысьы атауы эпифизарлық Остеомиелит. Мұнда сүйек миы болмайды, сондықтан остеомиелит термині сәйкес келмейді, оны остеохондрит, ал сүйектену ядросы бар эпифиздерге остеоядрит термині ұсынылған.
Эпифизде түзілген іріңдік ересек балаларға қарағанда сүйек үстіне емес, буынға ашылады және іріңді артрит дамиды: буын іріңге байланысты шар тәрізді ісінеді.
Артриттің рентгенологиялық белгілері: жұмсақ тінлердің көлеңкесі үлкейеді. Буын саңылауы кеңейеді. Олар аурудың 5-7 күнінде пайда болады. Аурудың 3-аптасында сүйек тінінде жедел гематогенді остеомиелиттің ерте белгілері пайда болады: перилсталдық реакция жіне ұсақ ұялы остеопороз.
Эпифиз іріңдігі буынға ашылатындықтан, хирургиялық емдеу тілуден емес, экссудат аспирациясымен қатар, антибиотик ерітіндісімен буын қуысын жуудан тұрады.
Емі: Жедел гематогендік остеомиелитке хирургиялық ем қажет. Мұндағы мақсат сүйек іші қысымды төмендету. Ол үшін қабыну экссудатына сыртқа жол салу керек. Операция жалпы наркозбен жүргізіліеді. Тері және тері асты май қабаты сүйектің зақымдалған метафизі аймағына тілінеді. Бұлшықеттер кесілмейді, ажыратылады. Содан кейін, сүйек тысы ашылады, оны скальпельмен кеседі. Егер оперция уақытында жасалса, сүйек тысының астынан серозды-геморрагиялық экссудат алынады, егер кеш болса іріңді алынады. Осы кезде хирург жалаңаш сүйек байқайды. Бұл жалаңаш сүйек гематогенді остеомиелитке тән тағы бір белгі.
Сүйек тысын кескеннен кейін диаметрі 0,5 см мөлшермен сүйек трепанациясы жүргізіледі немес кіші диаметрлі құралдармен бірнеше тесіктер жасалады. Сүйектен қысыммен геморагиялық экссудат немесе ірің ағады.
Оны себуге алып қоздырғыштарды және антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. Сүйекке. Операциядан кейінгі кезде антибиотиктер енгізу үшін, метафизге тері арқылы, жуан ине қойылады. Жара дренаждалады, құрғатылады, кептіретін антисептиктермен таңулар қойылады. Операциядан кейін науқаста ауырсынулар басылады.