Жедел гематогенді остеомиелит Орындаған: Джанаев Нуриман Тобы: 608



бет2/4
Дата17.11.2023
өлшемі0,58 Mb.
#191777
1   2   3   4
Байланысты:
Жедел гематогенді остеомиелит

Септико – пиемиялық
— Жергілікті (жеңіл)
Науқастардың басым көпшілігінде ауру: өте күрт, предромальді кезеңсіз жедел басталады және организмнің жалпы зақымдануының белгілерімен сипатталады: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі.
Токсикалық және септикопиемиялық түрлерінде жиі сандырақтау, санасы бұлыңғыр, кейде бұлшық еттің тартылуы мен менингиальды белгілер пайда болады.
Тері жамылғылары бозғылт:сарғыш түстес, көздері кіріңкі, ерні құрғақ, кезерген тілі жабындымен жабылады.
Жүрек - қан тамыр және тыныс алу жүйелерінде өзгерістер қосылады: тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек ұшында систолалық шу, демікпе, беткей тыныс алу.
Негізгі жергілікті белгілерге қарқындылығы әртүрлі ауру сезімі жатады. Бала зақымдалған дене бөлігін қозғалтпауға тырысады немесе жанасудан сақтанады, өйткені ол ауру сезімін күшейтеді.
Жедел гематогенді остеомиелиттің клиникалық ағымының өту барысы бірқатар себептерге байланысты: микроб вирулентілігі, организм реактивтілігі, баланың жасы, жергілікті зақымдану дәрежесі және т.б.
Токсикалық түрі ең ауыр. Ол өте сирек кездеседі. Клиникалық көрінісінің ауырлығы токсикоз дәрежесімен сипатталады – қанға токсиндер қабыну ошағынан келеді. Сепсис әлі жоқ, қан себіндері стерильді.
Осы түрінің клиникалық көрінісін жеңіл сипаттауға болады, науқас есін жоғалтқан, адинамикалық, өте жоғары қызба болады – тифке ұқсас.
Диагностикасы өте қиын: науқас еш нәрсеге шағымданбайды, аурудың жергілікті белгілерінің дамулары үлгере алмайды, өйткені найзағай тәрізді өтеді (емделмеген науқас екі – үш күнде қайтыс болады).
Тек сүйектің пальпациясы кезінде байқауға болады, екеуінің біреуін сипау кезінде науқас есіне келмей тұрып тез қимыл тынышсыздықпен көрініс береді.
Септико – пиемиялық түрі – жедел гематогендік остеомиелиттің өте ауыр варианты болып келеді, ол кезде аурудың жалпы мен жергілікті белгілері айқын көрінеді. Аурудың жағдайы өте ауыр, бірақ оның есі анық болады. Дене температурасы өте жоғары. Бала аяғындағы солқылдататын ауырсынуларға шағымданады. Метафиз аймағындағы ауырсыну болғандықтан, ол буынның ауырсынуын айтады.
Аяқтың ауырсыну контрактурасы байқалады және жақындаған сүйек буынының қимылы кезінде шектеледі. Аяғы буында сәл бүгілумен мәжбүрлі жағдайда. Сирек кездесетін осындай балаларға жалпы хирургтар артрит диагнозын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет