- АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ САТЫДА КӨМЕК
- Көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
- Инфузиялық терапия (800 мл-ден аса) т/і тамшылатып: натрий хлориді ерітіндісі 0,9% — 400 мл, глюкоза ерітіндісі 5% — 400 мл.
- Жансыздандыру (АҚ төмендеуі мүмкін болуына байланысты инфузиялық терапия аяқталғаннан соң)
- Орташа интенсивті ауырсынуда спазмолитиктерді қолданады: дротаверин т/і, баяу 40—80 мг (2% — 2-4 мл). Нитроглицерин таблеткасын тіл астына (0,25 мг немесе 0,5 табл.) немесе спрей түрінде (400 мкг немесе 1 мөлшерде) қолдануға болады.
- Айқын ауырсыну синдромы кезінде наркотикалық емес анальгетиктерді қолданамыз: кеторолак 30 мг (1 мл), т/і немесе б/е (т/і әсері 15 с ішінде, б/е енгізгенде – 30 мин-тан кейін болады).
Достарыңызбен бөлісу: |