Эпигастрий аймағы немесе оң жақ қабырға астында кенеттен және тұрақты қанжарлы ауырсыну, тез арада іштің барлық аймағына, жиі іштің оң жақ бөлігінде таралуы.
Іштің алдынғы қабырғасының керілуі — тақтай тәрізді іш. Науқастар мәжбүр қалыпта арқасында немесе аяғын ішіне тартып оң бүйірінде жатады.
Анамнезінде жара ауруы.
Аурудың ағымы бөлінеді:
Шок кезеңі (аурудың басталуынан 6 сағ дейін);
Жалған жақсару кезеңі (перфорациядан кейін 6-12 сағ);
Перитониттің өршу кезеңі (перфорациядан кейін 12-14 сағ).
Мүмкін болатын асқынулар:
Ең кең тараған асқыну—перитонит.
Жабылған тесілу кезінде іш қуысында іріңдік дамуы мүмкін.