Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі



бет4/12
Дата20.09.2023
өлшемі124,82 Kb.
#181743
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
225 Правила СМП 30.11.2020 каз яз

4-тарау. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету тәртібі


55. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету үшін негіздер:
медициналық авиация нысанында медициналық көмекті қажет ететін пациенттің медициналық картасынан көшірме;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Үйлестіруші ұйымның диспетчеріне медициналық авиация бөлімшесінің үйлестіруші -дәрігерінің өтінімі (бұдан әрі – Өтінім);
шұғыл жағдайларда жазбаша растаумен уәкілетті органның ауызша тапсырмасы;
ЖМЖ қызметінен және басқа да шұғыл қызметтерден шақыртулар болып табылады.
56. Үйлестіруші ұйымда және медициналық авиация бөлімшелерінде тәуліктік диспетчерлік посттар ұйымдастырылады, олар өзара, медициналық ұйымдармен, әуе кемелерін пайдаланушылармен, әуе кемелерінің ұшқыштарымен, медициналық авиацияның мобильді бригадасымен (бұдан әрі – МАМБ) және білікті медицина мамандарымен үнемі байланыс жүргізеді.
57. Медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсететін әуе кемелері әуе кемелерін пайдаланушылармен орындалатын ұшу бойынша деректерді беру үшін трекерлік-навигациялық жүйелермен қамтамасыз етіледі.
58. Медициналық авиация бөлімшесінің диспетчері:
медициналық авиация нысанындағы медициналық көмекті қажет ететін пациенттің келіп түскен медициналық құжаттамасын зерделейді, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін қосымша деректерді, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелерін, пациенттің динамикадағы жай-күйі туралы ақпаратты сұратады, медициналық көмек көлемін айқындайды;
үйлестіруші ұйымның диспетчеріне ұсыну үшін өтінім қалыптастырады;
үйлестіруші ұйымның диспетчерімен МАМБ құрамын келіседі және бекітеді, өңірлердің медициналық ұйымдарынан білікті бейінді мамандардың ақпараттандырылған келісімін ала отырып, медициналық көрсетілімдер бойынша қалыптастырады;
әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі және медициналық ұйымдармен өзара байланысты қамтамасыз етеді;
санитариялық автокөлікте пациентті (терді) МАМБ медициналық ұйымнан әуежайға және әуе кемесінің өзге де орналасқан жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;
МАМБ келген кезде қарсы алуды және қабылдаушы медициналық ұйымға алып жүруді ұйымдастырады;
қабылдаушы медициналық ұйымнан МАМБ тағайындау орнына жеткендігі және пациенттің (тердің) ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты сұратады;
трекерлік-навигациялық жүйемен жарақтандырылған әуе кемесінің ұшу бағытын қадағалайды, ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесінің командирімен бірге Үйлестіруші ұйымның диспетчерлік қызметіне шұғыл өтінімді және санитариялық ұшуға тапсырманы орындау туралы есептік ақпаратты ұсынады;
Төтенше жағдайлардың туындауы туралы ақпарат келіп түскен кезде Үйлестіруші ұйымның диспетчерін ақпараттандырады.
59. Медициналық авиация бөлімшесінің диспетчері:
тұрақты аэродромдары жоқ елді мекендерде әуе кемесіне арналған қону алаңын;
қонуды жүзеге асырған және 4 (төрт) сағаттан астам ұшуды күтіп отырған, ұшу-техникалық сипаттамаларына, ауа райы жағдайларына, қараңғы тәулік уақытына байланысты ұша алмау жағдайында әуе кемесін уақытша күзетуді;
ұшу мүмкін болмаған жағдайда демалу үшін әуе кемесі ұшу экипажын, МАМБ орналастыруды ұйымдастыруға қатысады.
60. Жедел медициналық жәрдем қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын Үйлестіруші ұйымның диспетчері, оның ішінде өтінім түскен кезде медициналық авиацияны тарта отырып:
медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен келіп түскен өтініммен, пациенттің (тердің) медициналық құжаттамасымен танысады, пациенттің (тердің) ағымдағы жай-күйін бағалайды, өтінімнің негіздемесін (медициналық көмектің мақсаты, түрі, көлемі, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің нәтижелері) талдайды, пациенттің жай-күйін нақтылау үшін медициналық авиация бөлімшесінің диспетчерінен қосымша деректерді сұратады, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі әуе кемесін пайдаланушының мүмкіндіктерін бағалайды;
азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін пайдалана отырып, операция, орналасқан жері бойынша немесе пациенттің өміріне қауіп төнген кезде бетпе-бет консультация жүргізу үшін білікті бейінді мамандарды тасымалдауды ұйымдастырады;
қажетті медициналық көмектің түріне сәйкес пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау орындылығын, шұғыл медициналық көмек көрсету көлемін және тасымалдау кезінде тәуекелдердің пайда болу дәрежесін айқындайды және медициналық ұшуға жедел тапсырманы орындауды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жүргізеді;
қабылдаушы медициналық ұйымды алдын ала нақтылаумен пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастырады;
медициналық көрсетілімдер бойынша МАМБ қалыптастырады, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан және медициналық білім беру ұйымдарынан білікті бейінді маманды (дарды) тартады;
медициналық авиация бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан тартылған білікті бейінді маман (дар) мен МАМБ құрамын келіседі;
ара қашықтық ұзақтығын, әуе кемесінің түрін анықтайды және әуе кемесін пайдаланушыға жедел өтінім береді, әуе кемесін таңдау кезінде пациенттерді тасымалдауға арналған және жабдықтың стационарлық ең аз тізбесімен жабдықталған әуе кемелері басымдылық тәртіппен қаралады;
әуе кемесін пайдаланушымен әуе кемесінің ұшу уақытын келіседі және санитариялық ұшуға тапсырманы тағайындайды;
әуежай өкілдерімен медициналық авиацияның санитариялық автокөлігінің әуежай перронына кедергісіз кіруі және шығуы туралы мәселені келіседі;
санитариялық автокөлікте пациентті (терді), МАМБ-ты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан әуежайға дейін және кері тасымалдауды ұйымдастырады;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың медициналық ұйымдарынан кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және тіндерді (тіннің бөлігін) алу және кері қайтару бойынша білікті бейінді маманды (мамандарды) әуе кемесінде жеткізуді ұйымдастырады;
өтінімді орындау барысына кедергі келтіретін жағдайлар (техникалық, ұйымдастырушылық, метерологиялық факторлар) туындаған кезде Үйлестіруші ұйымның басшылығын уақтылы хабардар етеді;
Үйлестіруші ұйымның басшылығын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды төтенше жағдайлар туралы хабардар етеді.
61. Пациентті (терді) тасымалдау Кодекстің 1-бабы 279) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша пациенттен (терден) медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсетуге ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарға және сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты келісімді олардың заңды өкілдері ұсынады. Ес-түссіз халдегі пациеттерге медициналық көмек көрсету медициналық ұйымның лауазымды адамдарының еркін нысанда хабарламасымен консилиумның немесе өңірдің медициналық ұйымының немесе САМБ дәрігерінің, немесе білікті маманның шешімімен қабылданады.
62. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті бейінді мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау, сондай-ақ кейіннен трансплантаттау үшін ағзалар (ағзаның бөлігі) мен тіндерді (тіннің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
63. Медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек кейіннен медициналық қорытынды ұсынумен қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдаланатын консультацияны, пациентті (терді) медициналық тасымалдауды, бетпе-бет консультация жүргізу және (немесе) орнында операция жасау мақсатында білікті бейінді маманды (дарды) тасымалдауды қамтиды. Пациентті (терді) оның өміріне қауіп төнген кезде тасымалдау қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер және (немесе) білікті бейінді маманның (дардың) бетпе-бет консультациясынан кейін жүзеге асырылады.
64. Мамандандырылған немесе арнайы дайындалған әуе кемелерін пайдалану арқылы медициналық авиация нысанында медициналық көмекті көрсету негіздері:
жетуі қиын кезінде (жолдардың болмауы, таулы жер, қажетті медициналық көмектен алыс орналасқан шалғай елді мекендер (учаскелер) және т.б.);
пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) білікті бейінді маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
ЖМЖ көшпелі бригадаларына жер үсті және су көлік түрлерімен медициналық тасымалдауды жүзеге асыру мүмкіндік бермейтін оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету;
жерүсті көлігімен және "Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15323 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен тасымалдау мүмкін болмаған кезде және медициналық ұйым хатының негізінде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда одан әрі емдеуді жалғастыру үшін, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына білікті медициналық көмек алған пациентті (терді) тасымалдау. Пациентті тасымалдау осы өңірдің медициналық авиация бөлімшесінен медициналық авиацияны тарта отырып, медициналық қызмет көрсетуге өтінім болған кезде ұйымдастырылады, 18 жасқа дейінгі баланы бір туысының алып жүруіне жол беріледі;
уәкілетті органның хатына сәйкес шетелдік медициналық ұйымдарда өз бетінше тынысы жоқ, комада, жазатайым оқиға мен жарақаттардан зардап шеккен, медициналық алып жүруді қажет ететін, жай-күйі Азаматтық авиацияның тұрақты рейстерін жерүсті көлігімен және әуе кемесімен тасымалдауға мүмкіндік бермейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарларды, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына бір туысының алып жүруіне жол беріледі;
төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде шетелде стационарлық емделуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарына тасымалдау;
зертханалық зерттеу үшін биологиялық материалдарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар жүктерді жеткізу;
уәкілетті органның жазбаша тапсырмасына сәйкес МАМБ-ты, комиссия мүшелерін медициналық-санитариялық салдарларды жою, республикалық деңгейде карантин жариялау бойынша төтенше жағдайлар орындарына және кері жеткізу;
медициналық көмек көрсету (медициналық жабдықтардың және (немесе) білікті бейінді маманның (дардың) болмауына байланысты пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда (консультация және (немесе) операция, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу үшін білікті бейінді маманды (дарды) жеткізу және кері алып келу;
мемлекеттік тапсырмадан тыс шарттық талаптармен тасымалдау болып табылады.
65. Пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) білікті бейінді маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция, ағзалар (ағзаның бөлігін) мен және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың медициналық ұйымдарынан білікті бейінді маманды (дарды) жеткізу, рейстердің қолайлы кестесінің, метеожағдайлардың және пациенттің (тердің) жай-күйінің болуын (болмауын) ескере отырып, тұрақты рейстердің әуе кемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
66. МАМБ құрамына дәрігер, фельдшер кіреді, медициналық көрсетілімдер бойынша білікті бейінді маман (дар) тартылады.
67. МАМБ пациентті (терді) тасымалдау кезінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес пациенттің (тердің) жағдайына және емдеуіне тұрақты негізде бағалау жүргізеді.
68. Медициналық авиация бөлімшесі мен Үйлестіруші ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
69. Медициналық көмек көрсету мақсатында әуе көлігін пайдалану өздігінен де, сонымен бірге Үйлестіруші ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушылар арасында жасалған шарттар негізінде де көрсетіледі.
70. Медициналық авиация нысанында медициналық көмек Үйлестіруші ұйым мен денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде көрсетіледі.
71. Денсаулық сақтау субъектілері мен медициналық білім беру ұйымдары Үйлестіруші ұйымға Шартқа сәйкес медициналық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету бойынша тартылатын білікті мамандардың бекітілген кестесін ұсынады.
72. Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді Үйлестіруші ұйым білікті бейінді маманды (дарды) тарта отырып (жабдықтар болған жағдайда), білікті медициналық қорытынды алу үшін, емдеу тәсілін және медициналық авиация нысанында медициналық көмекке көрсетілімдерді айқындау үшін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдары ұйымдастырады.
73. Үйлестіруші ұйымда Қазақстан Республикасының халқына медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемді уақтылы көрсету үшін қашықтықтан технологияларды пайдалана отырып, ауыр халдегі пациенттерді мониторингтеу үшін білікті бейінді мамандардан тұратын штаты бар ахуал орталығы құрылады.


Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет