Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы


Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру



бет6/12
Дата20.09.2023
өлшемі124,82 Kb.
#181743
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
225 Правила СМП 30.11.2020 каз яз

Шақыртуларды қабылдау, өңдеу және беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру


1. "103" пультіне шақырту түседі.
2. Тұтқаны диспетчер көтереді, ол:
1) қысқаша сәлемдеседі (өзінің қызметтік нөмірін, болмаған жағдайда – өзінің тегін айтуға);
2) шақыртудың нақты мекенжайын және байланыс телефонын айқындайды;
3) көшедегі пациентке шақырылған жағдайда жалпыға белгілі бағдарларды (көшелер қиылысы, әкімшілік ғимараттар) нақтылайды;
4) байланыс телефонымен (қала, ұялы) жедел көмекті шақырушының деректерін нақтылайды;
5) шақырушыға сауал қояды: пациенттің жай-күйі және ауру жағдайлары немесе жазатайы оқиға жағдайлары туралы қысқаша деректер;
6) егер шақырушыға пациенттің немесе зардап шегушінің төлқұжат деректері белгісіз болса, оның жынысын, шамамен жасын көрсетіледі;
7) шақырту себебін айқындайды;
8) шақыртуды жазып, шақырушыға шақыртуды қабылдау уақытын және екінші рет өзінің қызмет нөмірін, Т.А.Ә (болған кезде) хабарлайды.
3. Диспетчер шақыртуды қабылдағаннан кейін шақырушыға мынадай:
1) ЖМЖ бригадасына пациентке немесе зардап шегушіге кедергісіз жол жүру және қолжетімділікті қамтамасыз ету;
2) ЖМЖ шақырылған бригадасын пәтерге (жеке секторға) кірер жерде немесе кіреберісте қарсы алуды ұйымдастыру;
3) медициналық көмек көрсету және стационарға тасымалдау үшін қажетті жағдайлар жасау нұсқауларын береді.
4. Шақыртуды қабылдағаннан кейін диспетчер қойылған сұрақтарға толық жауап алып, мекенжайды қайталайды және шақырушыға: "Сіздің шақыруыңыз қабылданды, күтіңіз", - деп жауап береді.
5. Жиналған ақпаратты диспетчер шақыртуларды АБЖ тіркейді, ол автоматты түрде уақыт хронометражын (шақыруларды қабылдау, беру және шақыртуға ЖМЖ бригадасының шығу уақыты), диспетчердің Т.А.Ә (болған кезде) жазып, шақыртудың реттік нөмірін белгілейді.
6. Диспетчер жедел жағдайды ескере отырып, жақын маңдағы бос ЖМЖ бригадасына дереу шақырту жібереді.
7. ЖМЖ-ның бос бригадалары болмаған жағдайда келіп түскен шақырту күтуге кейінге қалдырылады, содан кейін босаған ЖМЖ бригадасына беріледі.
8. 1-2-жеделділік санаттағы шақыртулар келіп түскен және ЖМЖ бос бригадасы болмаған жағдайда жеделділік санаты бойынша төмен шақырту жеделділік санаты бойынша жоғары шақыртуға қызмет көрсету үшін алынады (күту режиміне ауысады).
9. Шақыртуды кешіктірген жағдайда және шақырушының қайталап шақыртулары кезінде пациентті күтілетін кешігу немесе ЖМЖ/МСАК жанындағы ЖМЖ бригадасының шығуын күту туралы хабарлауға, ЖМЖ бригадасы келгенге дейін нұсқаулықтарды беруге міндетті.
10. Пациенттің өміріне қауіп төнетін жағдайлар кезінде диспетчер "Шақыртуды ұстап тұру" режиміне көшеді.
11. ЖМЖ бригадасы келгенге дейін диспетчер шақыртушыға мынадай кезек күттірмейтін жағдайларда: жүрек қызметі тоқтаған кезде, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігінде, жүрек-қантамыры жеткіліксіздігінде, ересектерде, балаларда және жаңа туған нәрестелерде жоғарғы тыныс алу жолына бөгде зат түскенде; жіті коронарлық синдром кезінде, ми қан айналымының жіті бұзылуында, гипертониялық криз кезінде, гипо-гипергликемиялық жай-күйінде. есінен танғанда, қан кету, құрысулар кезінде, үйде босану кезінде телефон арқылы консультация береді.
12. Шақыртуды қабылдау жөніндегі диспетчер шақыруды АБЖ бағдарламасында қоңырауды ұстап тұру кезеңі тіркелген негізгі картаның нөмірі көрсетілген қосымша консультация беру картасын жасайды.
13. Ең көп түсу кезеңінде шақырту келіп түскен кезде (сағат 18-00-ден 00-00-ге дейін) шақыртуға үздіксіз қызмет көрсетуді сақтау үшін диспетчер шақыртуларды ЖМЖ бригадасының шығу және келу уақытының нормативіне сәйкес аумақтық учаске бойынша оңтайлы бөлуді жүргізеді.
14. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің басшылығы мен аға дәрігері бақылайды.
15. Шақырту ЖМЖ бригадасының қызмет көрсетуін жатпайтын жағдайларда, диспетчер МСАК-ға жүгінуді ұсынады немесе дәрігердің пациентке белсенді келуі үшін оның жұмыс сағатында МСАК ұйымына шақыртуды қайта жібереді. МСАК-тың жұмыс уақытынан тыс диспетчер шақыртуды 4 –жеделділік санаты ретінде анықтайды және МСАК жанындағы ЖМЖ бөлімшесінің бригадасына шақырту жібереді.
16. Егер шақырту өртпен, апатпен және (немесе) басқа да ТЖ байланысты болса (криминалдық сипатты қоса алғанда) диспетчер диспетчерлік қызметтің аға дәрігеріне, ЖМЖС басшылығына (бекітілген хабарландыру сызбасы бойынша) және жедел қызметтерге ("101", "102", "104", "112") баяндауға міндетті.
17. Шақыртуды қабылдау кезінде диспетчер әдептілік ережелерін сақтай отырып, сыпайы түрде диалог жүргізуге, барынша мұқият болуға, қажетті сұрақтарды нақты қоюға және шақыртуды тіркеу картасын дұрыс толтыру үшін толық жауаптарға қол жеткізуге міндетті.
18. Диспетчер мен шақыртушының арасындағы барлық телефон әңгімелері компьютерде электрондық жазба нұсқасында кемінде 2 жыл сақталады.
19. Компьютердегі электрондық нұсқадағы ақпаратты ЖМЖ диспетчерлік қызметінің бастығы мен аға дәрігері бақылайды.


Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде, медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет