Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 562 -қосымша
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан
әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Бағдарлама мақсаты – танымдық білік пен танымдық үдерістерді құрайтын, танымдық дағдылар мен біліктіліктердің негізгі кешенін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) білім алушыларда перцептивті іс-әрекеттерді орындауға қажетті біліктілікті қалыптастыру арқылы қоршаған болмыстың нақты толыққанды бейнесін қалыптастыру;
2) мнемикалық операцияларды орындау дағдыларын қалыптастыру арқылы қоршаған әлем туралы әсерлерді жинақтауға және тәжірибені сақтауға ықпал жасау;
3) ақпаратты өңдеу және түсіну процесін, тиісті жағдайда білімді, іскерлікті және дағдыларды жалпылау және қолдану процестерін, талдаудың ақыл-ой іс-әрекеттерін, елеулі белгілерді, салыстыруды, топтастыруды, қорытуды, сериалауды, нысандар арасындағы өзара байланыс пен өзара қарым-қатынасты орнату арқылы қалыптастыру;
4) әртүрлі ақпаратты өңдеу және сақтау тетіктерін және басқа адамдармен алмасу процестерін қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы дамыту;
5) сабақтарына қызығушылықты, басқа білім алушылар мен ересектермен өзара іс-қимыл жасай білуді дамыту.