2 - тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
4. Түзету жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы білім беру қағидаларына негізделіп, білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделеді.
5. Оқытудың компенсаторлық-дамытушылық бағыты оқу іс-әрекетінің арнайы әдістерімен және тәсілдерімен қамтамасыз етіледі, ескеріледі: ойлау процестерінің инерттілігі, танымдық белсенділігінің төмендігі, жалпылама және абстракты ойлау функциясының әлсіздігі, сөйлеу дамуының кешеуілдеулігі.
6. Білім алушылармен жұмыс барысында олардың еліктеушілігіне, көрнекі-әрекеттік ойлаудың сақталған мүмкіндіктеріне сүйенеді.
7. Танымдық әрекеттерін түзету сабақтары білім алушылардың қабылдау, есте сақтау, сөйлеу тілі, ойлау сияқты психикалық функцияларын дамытып, бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізу, қиындықтарды жеңу, ұқыптылық пен дербестікті көрсету біліктілігін қалыптастастырады.
8. Оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыты тұлғаның әлеуметтік бейімсізденуін еңсеруді немесе азайтуды көздейді; сондай ақ мінез-құлық нормаларын, өмірлік қарым-қатынастық, гигиеналық; тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына ықпал жасайды.
9. Ойлау, тіл және коммуникация дамуының біртұтастық қағидасы сөйлеу тілінің негізіндегі қарым-қатынастың үнемі дамуын қарастырып, сөздік-логикалық ойлау қабілетінің қалыптасуы мен мінез-құлығының реттелуіне әсерін тигізеді.
10. Іс-әрекеттік тәсіл педагогтың жетекшілігімен орындалатын оқушылардың заттық-тәжірибелік, ойын, бейнелеу, қолданбалы әрекетін кеңінен қолдануды және орындаған әрекеттерін айтып отыруды көздейді, ал ол өз бетінше, білім алушылардың жоғары психикалық функцияларының дамуына және өмірлік тәжірибесінің жинақталуына ықпал етеді.
11. Жеке тәсілі және саралап оқыту қағидасы оқу материалын меңгеру кезінде байқалатын білім алушылардың вариативті типологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады және олардың білім, білік, дағдылардың менгеруінің сапасына әсер етеді.
12. Саралап оқыту барысында мұғалім білім алушылардың түрлі типологиялық топтары үшін оқу материалының әр түрлі көлемі мен күрделілігін, білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындау дербестік дәрежесін, көрнекі-дидактикалық материалдардың түрлерін қолданады.
13. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі бағалаумен жүзеге асады.
14. Деңгейлік мақсаттарға сәйкес әзірленген тапсырмалар мен жаттығулар бағалаудың құралы болып есептеледі.
15. Оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру нәтижелерін тікелей мұғалім бағалайды, жүйелі түрде бақылау-бағалау әрекеттерін жүзеге асырады.
16. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ бойынша), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде іске асырылады.
17. Ағымдық бақылау оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдау мақсатында жүргізіледі; педагог сабақта білім алушылардың қызметін бақылауды, практикалық және дербес жұмыстарды, ұжымдық қызмет түрлерін талдауды пайдаланады.
18. Кезеңдік (тақырыптық) бақылау әр типологиялық топтағы білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі түрлі мүмкіндіктері ескеріле отырып, тақырыбтың, тараудың аяғында жүргізіледі.
19. Әр білім алушының оқу жетістіктері мен даму динамикасын талдау мақсатында тоқсанның, жылдың аяғында қорытынды бақылау жүргізіліп, жетістіктері оқу картасына енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |