Жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі477,39 Kb.
#85370
1   2   3
Байланысты:
Жеңіл атлетика реферат

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы.

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.



Денсаулыққа пайдасы.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды орын алады. Гигиена денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған булдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетілуі балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т.б спорт түрлері және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің ұлттық ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын балалар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерінің құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні, ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні, белсенді өмірлік көзқарасты билейтіні, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны - өмірде белгілі қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентінің халыққа жолдауы (Қазақстан - 2030) осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Онда "...бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны" сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілік туралы да айтылған. Шынында да, жеңіл атлетиканың әрбір сабағы оқушылардың түрлі дене жаттығуларымен шұғылдануға, бұл жаттығуларды қатесіз, мүдірмей орындай білу құштарлығына баулиды. Егер осындай жете түсіну талпынысына қол жетсе не жалпы дамыту және арнаулы дамыту жаттығуларын қолдану жөнінде іске пайдалы өз тәжірибесі болса, онда төзімділікті де, шапшаңдықты да дамытуға бағытталған қадамдар жасауға болады. Демек, «Өзіңді өзің тани біл» деген философиялық нақыл осы оқиғаға арнап айтылғандай.


Қорытынды.

Қазақстанның болашағы - қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту ісіне айрықша назар аударылып, салауатты өмір салтын тұрмысқа толық енгізу көзделген. Салауатты өмір салтының бір белгісі әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады


Жас адамға жақсы ақылшы — оның ішкі үні. Ол: «сабақтарға ынтамен кіріс, олқылықтардың орнын толтыруға ұмтыл, жүгіруде шыдамдылыққа дағдылану үшін өз бетінше жаттығу жасауға төсел» дейді. Осы үнге қүлақ аса отырып, мұғаліммен ақылдасып, дене тәрбиесі даярлығын жаксартуға дайын екенінді түсінуін қажет.
Дене дайындығы. Мұның өзі төзімділік, күш, шапшаңдық, ептілік, икемділік және қозғалысты үйлестірушілік сияқты қасиеттерінің қаншалықты жақсы дамығанына байланысты. Алайда аталған дене қабілеті түрлерінің әрқайсысының оңтайлы көрініс табуы үшін белгілі «өзіндік» дене дайындығы қажет болады. Әңгіме жалпы төзімділік және жүгірудегі ішінара шыдамдылық туралы болып жатқанда дене дайындығының сапасы қандай жағдайға байланысты?
Біріншіден, түрлі дене жаттығуларын дұрыс таңдай және орындай білу, мысалы, жүрек, дем алу жаттығулары және ағзаның арнаулы жүгіру жүктемесін орындауға дайындығын күшейту мәселелері маңызды. Дұрысын айтқанда, дене тәрбиесі сабақтарының ықпалы қозғалу тапсырмаларының қаншалықты сәтті таңдап алынуына және дене тәрбиесіне дайын болу деңгейін дамыту үшін тиімді игерілуіне тікелей байланысты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Есмағамбетов З.А. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. -Қарағанды, 1995.
2. Сагымбаев Т.Ж., Есмағамбетов З.А. Мектептегі дене тәрбиесі ғамалиясын ұйымдастыру. - Қарағанды, 2000.
3. Коряковский И.М. Теория физического воспитания. - М., «Физкультура и спорт», 1961.
4. Матвеев Л.П., Мельников С.Б Методика физического воспитания с основами теорий. - М.:Просвещение, 1991.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет