Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» (пәнінің атауы) мамандығы бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»


Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы



бет9/23
Дата07.02.2022
өлшемі195,43 Kb.
#83348
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
ДТжС-жеңіл-атлетика

Жүру мен жүгірудің кинематикасы. Жұмыс істететін бұлшық еттердің топографиясы. Барлық циклді жүру мен жүгіру жылдамдығының орын ауыстыруы қадам ұзындығымен еніне тура пропарционалды.
Қадамның ұзындығы мен жилігінің әр түрлілігіне қарамай ақ бір қалыпты жылдамдыққа қол жеткізуге болады. Барлық нүктелері, бір жылдамдыққа дәлме – дәл келетін қисық сызықты изоспида дейміз. Бұдан байқағанымыз жылдамдықты жоғарлатудың үш түрі бар: қадамның ұзындығын үлкейту арқылы, екпінді жоғарлату арқылы және бір мезгілде қадамның ұзындығын, жиілігін қол жеткізу арқылы қол жеткіземіз.
Адамның қалай жүріп, жүгіруін түсіну үшін алдымен локамацияның фазалық құрамын оқып үйренуіміз керек. Бұдан байқайтынымыз, жылдамдықты жоғарыдатқан сайын: жүру кезінде екі бірдей тірек уақыты қысқарады, ал спорттық жүру кезінде ол толығымен жойылуы мүмкін; жүгіу кезінде ұшу кезеңінің ұзақытығын, тірек кезеңінің ұзақтығына қатынасы жоғарылайды.Жүгірушінің жұмыс істейтін бұлшық еттерінің топографиясы.
Адам өздігінен жүретін құрылым, өйткені оның қозғалуына қозғалыстағы дене мүшелеріне бұлшық еттердің әсер етуінен пайда болған ішкі күштер, әсер етеді. Ішкі күштерге инерциялық күштер жатады. Дененің жалпы салмақ орталығына әсер ететін дене қозғалысын жылдамдататын немесе тоқтататын ("алдамшы" инерциялық күш) болмаса дененің мүшелеріне немесе қосалқы заттарға ("нағыз" инерция күші) әсер ететін күштер, инерциялық күштерге жатады.
Инерциялық күш (Ғм) дененің бар салмағының немесе бөлек бір бөлігінің, үдеуінің көбейтіндісіне тең және үдеуге қарама-қарсы багғытталған, сондықтанда инерциялық күш жылдамдық алуға да, тежелуге де кедергі жасайды. Ішкі күштермен қатар оданға сыртқы күштерде әсер етеді. Жүргенде және жүгіргенде әсср ететін сыртқы күштер: ауырлық күші, тірек реакция күші, ауаның кедергі күші.
Ауырлық күші(гравитациялық күш) дененің салмақ орталығына орналасқан және дене салмағының, жерге тартылу күші үдеуінің көбейтіндісіне тең:
G= mg (g =9,8 v/c2)
Мысалы: дене салмағы 50 кг болса ауырлық күші 500 Н жақын.
Ауаның маңдай алды кедергі күші. Дене бетінің орталығына орналасқан. Ол жылдамдықтың квадратына пропорционалды көбейеді. Мысалы: 9 м/с жылдамдық кезінде ауаның маңдай алды кедергі күші 4,5 м/с жылдамдық кезіндегіден 4 есе көп, ал 3 жылдамдық кезіндегіден 9 есе көп. Есептің көрсетуіне қарағанда 8 м/с жылдамдықпен жүгіру кезінде оның көлемі 20Н жетеді. Тірек реакция күші қозғалту күшіне жатпайды. Б арлық күштердің (сыртқы және ішкі) әсерінің қорытындысын шығару үшін тірек реакция күшін өлшеп және графикке салады. Тірек реакциясы қалай құралады?
Адам тіректен итерілген кезде оған итерілу күшімен әсер етеді, бұл күш екі түрден статикалық және динамикалі компоненттен тұрады. Статикалық - бұл дененің салмағына тең (бірқалыпты әсер ететін және ауырлық күшіне тең). Динамикалық компонент тек үдеумен орындалған қозғалыс кезінде пайда болады, дененің барлығы немесе белгілі бір бөліктері жылдамдай бастағанда немесе тежелгенде байқалады. Бұл тартылумен, отырып-тұрудың динамограммасы анықкөрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет