Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» (пәнінің атауы) мамандығы бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет6/23
Дата07.02.2022
өлшемі195,43 Kb.
#83348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ДТжС-жеңіл-атлетика

Тақырып - 2
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетиканың қазіргі жағдайы


Жоспар:
1. Елімізде жеңіл атлетиканың орны
2. Жеңіл атлетиканы дамыту
3. Жаңа спорттық нысан
Мақсаты: Қазақстан Республикасында жеңіл атлетиканы дамыту

Еліміздегі жетекші спорт түрінің бірі – жеңіл атлетика. Бүгінде бұл спорт түрімен Қазақстанда 11 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл статистика спорт мектептерінде тіркелгендердің есебінен алынған. 2000-ға жуық спортшы Қазақстан чемпионаттарына қатысады. Дәл қазіргі таңда ұлттық штаттық командада 34 кәсіби спортшы бар. 2020 жылға дейін олардың санын 50 спортшыға дейін жеткізу жоспарда екен. Бұл спорт түрінің бұқаралық дамуына инфрақұрылым көп әсерін тигізері сөзсіз. Ал спортшылар үшін де спорт кешендерінің сапасы маңызды. Бүгінде Алматыдағы орталық стадион ғана халықаралық талаптарға сай келеді. Бірер күн бұрын Астанада ҚР жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, осы спорт түрінің жай-күйі мен инфрақұрылымы, биылғы жетістіктері мен алға қойған жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Григорий Егоровтың 2017 жылы атқарған жұмысының есебі тыңдалды. ҚР жеңіл атлетика федерациясы инфрақұрылымның дамуына баса мән беруде. Инфрақұрылым демекші, Астанада 7 мың көрерменге арналған жаңа манеж салынады.


Бұл кешен спорт ареналары орналасқан тұста бой көтермек. Астанадағы жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін Елбасының жеке тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр. Жоспар бойынша 2019 жылға құрлыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған. Астана мен Алматыда екі манеж тұрғызып алсақ, кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады, – дейді федерация президенті Әділбек Жақсыбеков. Инфрақұрылым мәселесі өзге қалаларда да қолға алынып, алдағы уақытта өз шешімін табатын болады. Федерацияның бірінші вице-президенті Эльдар Табанов өзінің баяндамасында осы туралы толықтыра айта кетті. Қазіргі таңда Алматы, Павлодар, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Талғар қалаларында жеңіл атлеттердің алаңсыз жаттығуы мен жарыс өткізуіне арналған спорт кешендерін тұрғызу мәселесі шешіліп жатыр. Сондай жеңіл атлетика стадиондарының бірі қыркүйек айында Алматы қаласында бой көтерді. Соңғы 40 жыл ішінде салынған алғашқы жеңіл атлетикаға арналған жаттығу стадионының жалпы ауданы 39 000 шаршы метрді құрайды. Жаңа спорт нысаны «Туған жер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің көмегімен бой көтерді.
Жаңа спорттық нысан «Алматы Арена» спорт сарайының маңында орналасқан. Стадионда спортшылар жеңіл атлетиканың 47 дисциплинасы бойынша жаттығуға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, 6 жүгіру жолы, әкімшілік ғимараты, 100, 400 метрлік жүгіру жолдарымен қатар, көлемі 100х70 жасанды футбол алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіру алаңдарымен, сонымен қатар, көлемі 100х62 м табиғи шөппен жабылған ядро, диск, найза, шарбалға лақтыруға арналған аймақ бар. 2018 жылы елімізде жеңіл атлетика спортының дамуы мен инфрақұрылымына жылдағыдан көп қаржы бөлінетін болады. Бұл жайында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен федерация президенті Әділбек Жақсыбеков айта кетті. Себебі 2018 жылдың қаңтарынан бастап спортты қаржыландыру мен басқарудың жүйесі жетілдірілетін болады. - Жаңа жылдан бастап елімізде спортты қаржыландыру мен басқарудың жаңа жүйесі басталады.
Бұл жүйе бойынша жеңіл атлетика еліміздегі жетекші спорт түрлерінің қатарына енді. Сондықтан 2018 жылы бұл спорт түріне футболдан да көп қаржы бөлінетін болады, - деді Әділбек Жақсыбеков. Федерация президентінің сөзін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы да растап, келер жылдан бастап елімізде жеңіл атлетика спортының дамуына көп көңіл бөлінетінін айта кетті. - Спорт түрлерін саралаудың нәтижесінде футбол «Б» деңгейлі, ал жеңіл атлетика спорты «А» деңгейлі спорт түрлерінің қатарына қосылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап дене шынықтыру мен спортқа байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жаңа заң өз күшіне енеді. Барлық жарыстарды федерация ұйымдастыратын болады. Біз барлық аймақ басшыларымен келісіп, спорт түрлерін саралау жайын талқыладық. Жеңіл атлетика еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларында «А» деңгейлі спорт түрі болып танылды. Енді жеңіл атлетикаға қаржы бөлу мәселесі жаңа жүйе бойынша жүргізіледі. Бұл елімізде осы спорт түрінің дамуына зор септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді министр.
Қабылданған заңнамалық нормалар ең озық шетелдік тәжірибелерге сүйенген еліміздің спорты үшін тың өзгеріс болады деп сенеміз. Осы қазақстандық жеңіл атлеттер Бхуанешвардағы Азия чемпионатына, Лондондағы әлем чемпионатына, Тайпэйдегі универсиада ойындарына және Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Келер жылдан күтер үміт көп. Жеңіл атлетикадан 2018 жылдың алғашқы екі айында өтетін жарыстардың күнтізбесі жарияланып үлгерді. Еліміздегі додалардың басым көпшілігі Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді. Сондай-ақ Алматы мен Қарағанды қалалары қабылдайтын жарыстар да бар. Ал ең басты дода ақпан айының басында Иран астанасы Тегеран қаласында жалауын көтереді. Қазақстанның үздік атлеттері жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет