Ҥйр тудің әдістемелік принциптері Қозғалысқа үйрету барысында келесі әдістемелік принциптерді қолданады: зерделілік пен белсенділік; кӛрнекілік; жүйелілік; реттілігі; біртіндеп; даралану.
Зерделілік пен белсенділік принципі.Қимыл-қозғалысты жетік меңгеру үшін, үйренуші ӛзінің жақсы қасиеттерін алға тартып, мақсатқа жету жолында еңбек ету қажет. Үйрену
112
барысында үйренуші белсенділік танытпаса оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оқуға құлқы жоқ немесе жалқау адамды үйрету мүмкін емес. Белсенділік - үйретілетін материалды саналы түрде түсіну яғни әрбір қозғалыс элементін тиянақты үйрену, қозғалысты бақылау, қателіктерге жол бермеу жағын қарастыру.
Үйрену кезіндегі зерделілік пен белсенділік үйренушінің жинақылығына және тәртібіне тікелей байланысты.Педагог үйренушіге белсенділік ерігін бере отырып, үй ету үдерісін бақылауға, үйлестіруге және реттеуге міндетті.