«Жеңіл өнеркәсіп және Дизайн» факультеті «Бұйым және тауар технологиясы мен конструкциясы» кафедрасы



бет15/27
Дата03.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#108640
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
СРС БУБТ
қмж, қмж, қмж, Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері
БӨЖ №8

Жұмыстың тақырыбы: Аяқ киімнің негізгі және қосымша бөлшектерінің ауданын есептеу

Жұмыстың мақсаты: Аяқ киім үстінің дайындамаларын қалыптау тәсілдерін талдау
Жұмыстың мазмұны

1. Аяқ киім үстінің дайындамаларын қалыптау тәсілдері



2. Аяқ киім асты бөлшектерін дайындамаға ұстастыру әдістері
Әдістемелік көрсеткіш

1. Дайындамаларды қалыптау аяқ киім өңдеудін технологиялық үдерістерінің маңызды операциялар тобына жатады. Аяқ киім сыртқы түрі мен тұтыну кезіндегі қалып сақтағыш қасиеті осы операцияларды дұрыс орындауға тәуелді. Аяқ киім үстінің дайындамасын қалыптау жазық бөлшектерден жиналған дайындамаға сақтау және тұтыну кезінде жоғалтпайтын қалыптың көлемдік пішімін беру үдерісі. Аяқ киім үстінің дайындамасына кеңістік пішінді беру оны қалыпта созып керу арқылы жүзеге асады. Бұл жерде аяқ киім үстінің дайындамасын өңдеу үшін жұмсалатын материалдар серпімді (икемділік) қасиеттерге ие болуы тиіс.

Аяқ киім материалдарының икемділік қасиеттеріне арқасында, ол қалып пішінін қабылдайды ал, серпімділік қасиеттер берілген пішінді тұтыну кезінде сақтауды қамтиды.

Аяқ киім дайындамасын бір ізді, параллельді және параллельді бір ізді әдістерді қолданып қалыптайды. Қалыптау кезінде күш қай бағытта және қай жерде салынуына байланысты оны сыртқы, ішкі немесе аралас тәсілдер мен орындайды. Сыртқы тәсіл бойынша қалыптау күштері сырттан, ал ішкі де іштен, араласта – сырт пен ішкі жақтан салынады. Аталған тәсілдер мен қалыптауды аяқ киім дайындамасының бөлшектері және түйіндерін алдын-ала немесе ол сыз қалыптау арқылы жүзеге асырылады. Дайындаманыз бөлшектері мен түйіндерін алдын-ала қалыптау материлдардың деформациясын ұлғайтып келесі операцияларды орындауды жеңілдетеді.

Қалыптау тәсіліне аяқ киім үстінің дайындамасының конструкциясы және оның керме жиегі әсер етеді.

Аяқ ким үстінің дайындамаларының конструкциясы жазық, жартылай жазық, кеңістік және көлемдік болуы мүмкін. Аяқ киімнің жазық дайындамасының алдыңғы бөлігі бір жазық бөлшекті немесе жеке бөлшектерден құрылған жазық түйінді (4.12 а сур.) болады, сондықтан оны қалыптау кезінде материалды максималды деформациялайды. Аяқ киім үстінің жартылай жазық дайындамасы (4.12б сур.) кәдімгіде үш бөлшектен тұрады (жұлық және екі қоныштан). Дайындама пішіні қалып пішініне жақындайтығынан оны қалыптау үшін материалдың деформациясы төмендірек болады. Кеңістік дайындаманың (1сур.) алдыңғы бөлігі қалыптың тұмсық бөлігінің пішініне одан да болғандықтан оны қалыптау үшін материалдың деформациясы төмендірек болады.



1 - сурет. Аяқ киім дайындамасының алдыңғы бөлігінің конструкциялары

Аяқ кимнің үстінің көлемдік дайындамасы ( 1- сурет) ұлтарақпен 1 бірге конструктивтік бірлікті құрайды (2 а-сурет) алдыңғы бөлікте сопақша ендірмені 2 қамтиды, оны жазық немесе кеңістік 3 дайындамалардың (2 б-сурет) көрме жиегі мен қайма ұлтарақты 4 болмаса аяқ киім асты үшін қолданылатын былғарыдан жасалған қосұлтан 5 біріктіріп 5 (2 - сурет) өңдеуге болады. Қайма ұлтарақты аяқ киім үстіне жұмсалатын былғарыдан, былғарыныңкесінді қималарынан, астар былғарыларынан, жасаңды және синтетикалық материалдардан астар маталары мен қатырмаланған аяқ киім үсті үшін маталардан жасалған болады.


2 -сурет. Көлемдік дайындама үлгісінің конструкциялары


Керме жиек 1 бос немесе сыздықпен 2 қайма ұлтарақпен 3 әлде қосұлтанмен 4 алдынан біріккен болуы мүмкін. Аяқ киім үстінің дайындамасын қалыпта керу үдерісінде әртүрлі керме жиектерді жасауға болады: вертикальды, горизанталды тұйықталған, горизонталды бүгілген және пішінді ( 2 а-г-сурет).

3 -сурет. Керме жиектің конструкциялары


Аяқ киім үстінің дайындамаларын қалыптаудың барлық тәсілдерін сыртқы қапта керу, паралелльді ішкі және араласқа бөлуге болады.

Сыртқы қаптап-керу тәсілі аяқ киім үстінің дайындамасын бірізділк пен қалыптауды керме машиналардың тістеуіктері немесе тығыршықтары мен қалыптауға болады. Осы тәсілмен дайындаманы паралелльді-бірізділік қалыптауды тұмсық және өкше бөліктерінде қаптап-керу машиналарының тілікшелері мен, ал табан орта бөлікте керме машиналардың тістеуіктері және тығыршықтарына кеңістік дайындамаларының керме жиегі бос болуы мүмкін. Оны ұлтараққа немесе ұлтанға желіммен, сым темір қапсырма мен немесе керме шегелермен (текстермен) бекітеді.

Паралелльді сыртқы тәсілде дайындаманы қалыптауды тілікшелермен, қапсырмалармен және баулар мен жүргізеді. Осылай, керме жиегіне тігілген сыздық немесе бау кеңістік дайындаманы керу ұсынылады. Паралелльді ішкі тәсілде көлемдік дайындаманы ысырмалы қалыппен қалыптайды.

Аралас тәсілде аяқ киім үстінің дайывндамасын қалыптауды қаптап-керу машиналарының тістеуіктері мен тығыршықтары және ысырмалы қалып пен жүзеге асырады. Бұл тәсілде керме жиегі бос жартылай жазық дайындаманы қолданған жөн.



4 -сурет. Аяқ киім керме жиектерінің түрлері


Аяқ киім қалыптауды сыртқы параллельдік тәсілін пластиналармен, сым темірлі бекіткіштермен немесе бау жіппен жүргізеді. Сонымен, аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің кеңістіктік дайындама үлгісін, керме жиегінің шеті бойынша тесіліп тігілген сыздықпен немесе бау жіппен керу ұсынылады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің көлемдік дайындық үлгісін,параллельдік ішкі тәсілде ысырмалы қалыппен пішімге келтіреді. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындама үлгісін пішімге келтірудің аралас тәсілінде қысқыштарды, керіп-тартатын машиналардың пластиналарымен және ысырмалы қалыпты қолданады. Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің жартылай жазықты дайындама үлгісін боскерілетін жиекпен қолдануды ұсынылады.

2. Аяқ киім ұстастыру әдісі- қолданылған бөлшектер және тігісте олардың орналасуымен сипаттайтын аяқ киім астын үстіне ұстастыру тәсілі. Аяқ киім ұстастыру әдістерінің барлығын асты бөлшектерін дайындамаға ұстастыру қолданылатын материалдарға байланысты химиялық, механикалық және араластарға бөледі.

Аяқ киімнің химиялық ұстастыру әдістеріне келесілер жатады: желімдік, пресстік вулкандау және құйма.

Желімді әдісте бөлшектер желімдейтін материалдардың беттеріне жағылған желімнің адгезиясы және желім қабыршақтарының аутогезиясы арқылы біріктіріледі. Желімдеу беріктігі желімнің когезиясына да тәуелді. Адгезия- молекулярлық күштер әсерінен пайда болатын тегі әртүрлі беттердің арасында пайда болатын байланыс.

Аутогезия-химиялық жаратылысы бір беттердің арасындағы байланыс.

Когезия-өзара тартылыс күштер әсерінен пайда болатын заттың молекулаларының жабысуы.



Пресстік вулкандау-әдісінде аяқ киім астын ұстастыру оны қоспадан бір мезгілде өңдеу мен қатар жүзеге асады.

Құйма-әдісінде-аяқ киім астын ұстастыру оны поливинхлоридттан, термоэластопласттан, резеңке қоспаларынан, этилвенилацетаттық сополимерден және сұйық полиуреттаннан өңдеумен бірігіп өтеді.

Механикалық ұстастыру әдістері-штифттік және жіптерді қамтиды.

Аяқ киімді штифтік ұстастыру әдістеріне келесілер жатады: ағаш түйреуішті бұрандалы және шегелеу. Штифтік әдістерде ұлтанды аяқ киім үстіне ағаш түйреуіштер, бұрандалар және темір шегелермен ұстастырады. Ағаш түйреуішті әдісте бөлшектерді ағаш түйреуіштері, беттері және біріктірілетін материалдар арасында пайда боатын үйкеліс күштері арқылы жүзеге асады. Бұрандалы әдісте бұранда бетінің және біріктірілетін материалдар арасындағы үйкеліс күштері және бұрандалы қию нәтижесінде пайда болатын материалдардың ығысуға кедергі күштері арқылы бөлшектер ұстастырылады.

Штифттік әдістерді негізінде қорғаныс және өндірістік аяқ киім ұлтандарын ұстастыру үшін қолданады. Қазіргі кезде ұлтанды түйреуіштік ағаш және бұрандалы әдістермен ұстастыру аяқ киімді жаппай өндіруде пайдаланбайды.

Ұлтанды шегелеу әдіспен ұстастыру үсті юфттен, юфть және жасаңды былғары немесе хром былғарыдан аралас жасалған етік және қысқа етіктер өңдіруде кең қолданыс тапты.

Аяқ киімді ұстастырудың жіптік әдістеріне тігілмелі, сыздықты, сандалды, доппельді, «Парко», аударма жәнеқайыма және т.б. жатады. Жіптік әдістерде ұлтанды аяқ киім үстіне бір жіптік сыртқы ілмекөрім (4.16. а сурет) немесе екі жіптік ішкі ілмек өрім (4.16. б сурет) тігістермен ұстастырады. Жіптік әдістерде бөлшектер ұстастырылуы біріктіретін материалдардың үзбе аралдық бөліктерінің жіппен бұзуға кедергі күштері және жіптер бөліктерінің осы телімдері жағынан күш әсеріне кедергі күштері арқылы жүзеге асады.

Аяқ киімді тұтыну кезде жіптік тігістердің сыртқы үзбелері қирайды да,ұстастыру беріктігі төмендейді. Себебі үзбеліктен ұстастырылу түйреуіштікке



ауысып, жіптің және біріктірілетін материалдар беттерінің арасындағы үйкеліс күштері есебінен өтеді.

5 - сурет. Бөлшектерді біріктірудің штифттік әдістерінің сұлбалары а)ағаш түйреуіштермен; б) жіптермен; в) шегелермен.
Аяқ киім аралас ұстастыруәдістері химиялық және механикалық әдістерінің үйлесуі болып табылады. Ұлтанды ұстастыруда кең таралғандарға шегелер және желіммен, жіптер және желіммен ұстастыру әдістері жатады. Аяқ киімді аралас ұстастыру әдістеріне шегені-желімді, сыздықты-желімді, сандалды-желімді, доппельді-желімді, сыздықты-тігілмелі, желімді тігілмелі, қайма-желімді, қайма- сыздықты, қайма-доппельді, қайма-сандалды-желімді, қайма желімді-тігілмелі, қайма-пресстік вулкандау, қайма-құйылмалы және т.б. жатады. Төменде ұлтанды ұстастыру әдістерінің ең кең таралған әдістеріне қысқаша сипаттама берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет