6.3 Ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісі ресурстарының тізбесі
Азанова, А. А. Подготовительно-раскройное и экспериментальное производство швейных предприятий : учебное пособие / А. А. Азанова, Л. Г. Хисамиева, А. Н. Бадрутдинова. — Казань : Казанский национальный исследовательский технологический университет, 2015. — 148 c. — ISBN 978-5-7882-1735-2.
БӨЖ №6
Жұмыстың тақырыбы: Аяқ киім үлгісінің негізгі көрсеткіштерін есептеу тәсілі
Жұмыстың мақсаты: Аяқ киімді үлгілеудің негізгі көрсеткіштерін меңгеру
Жұмыстың мазмұны
1. Аяқ киімнің жіктелуі
2. Аяқ киімнің топтары және өлшемдері
Әдістемелік көрсеткіш
1. Аяқ киімдерді пайдалану мақсатына, жас-жыныс топтарына, түрлеріне, өлшемдеріне, бөлшектер пішініне, аяқ киімнің жоғарғы жағы мен төменгі жағының конструкциясына, үлгінің күрделілікт категориясына, ұстастыруәдістеріне, өкше түрлеріне және оларды ұстастыру тәсілдеріне қарай жіктейді.
Аяқ киім түрлері - аяқ киімді жіктеудің конструктивті белгісі , ол адам аяғын үсті бөлшектерімен жабу дәрежесімен анықталады. Аяқ киімнің негізгі түрлеріне етіктер, қысқа қонышты етіктер, қысқа қонышты бәтеңкелер, бәтеңкелер, туфлилер және сандалийлер жатады.
Етіктер - тұтас қонышы бар табанды тобықты, балтырды, ал кейбір кезде санды жауып тұратын аяқ киім түрі. Қысқа қонышты -етіктер табанды, тобықты, балтырды жауып тұратын, түймеленетін немесе басқа бекіту тетігі бар, аяқ киім түрі.
Етікшелер және қысқа қонышты етікшелер - табанды, тобықты, балтырды жауып тұратын, әртүрлі биіктіктегі тіліксіз немесе тілігі бар, түймеленетін немесе басқа бекіту құрылғысы бар, аяқ киім түрлері.
Бәтеңке - табанды, тобықты жауып тұратын, тобықтан жоғары қысқа қонышы бар қысқа қонышты етік қоныштарынан биік емес), тіліксіз немесе тілігі бар, түймеленетін немесе басқа бекіту тетігі бар аяқ киім түрі. Қысқа қонышты бәтеңке - аяқтың басын, тобықты жауып тұратын, тіліксіз немесе тілігі бар, бекіту тетігі бар аяқ киім түрі.
Туфли-табанды толықтай немесе жартылай жабатын, жоғарғы жағында аяқ киімді бекітетін бауы бар немесе баусыз аяқ киім түрі.
Сандалийлер-негізгі ұлтарағы жоқ, жұлықтың астында астары жоқ, аяқтың басын жартылай жауып тұратын, аяқ киімді бекітетін тетігі бар немесе тетіксіз аяқ киім түрі.
Аяқ киімнің негізгі түрлеріне, сонымен қатар, киіз етіктер, шәркелер, кроссовкалар, сандалийлер, мокасиндер, шәркейлер, жаздық беті ашық туфлилер, бауы бар туфлилер, пантолеттер және опанкілер жатады.
Киіз етіктер-фетрден жасалған, былғары жұлықты және өкшелігі бар етіктер.
Шәркелер - жоғарғы жағы бөлшектерініңқұрылымдары бәтеңкелер мен жартылай бәтіңкелерге ұқсас, белсенді демалыста киетін аяқ киім түрі.
Кроссовкалар - жоғарғы жағы бөлшектерініңқұрылымдары бәтеңкелер мен қысқа қонышты бәтеңкелерге ұқсас, белсенді демалыста киетін аяқ киім түрі.
Сандалеттер - жоғарғы жағы бөлшектерінің құрылымдары қысқа қонышты бәтеңкелерге ұқсас, әр түрлі пішіндегі, перфорациондық тесіктері бар аяқ киім түрі.
Мокасиндер-жоғарғы жағы ұлтарақпен құрылымдығы тұтас, алдыңғы жағында сопақша ендірмесі бар аяқ киім түрі.
Кебістер - 5 мм-ден аспайтын өкшесі бар, жоғарғы жағының бөлшектерінің құрылымы туфли құрылысына ұқсас, табанда ұстайтын тетігі жоқ аяқ киім түрі.
Жаздық ашық туфлилер-тұмсық немесе өкше жағы ашық, немесе тек тұмсық жағы ашық, немесе тек өкше жағы ашық аяқ киім түрі.
Белбеулік типтегі туфлилер-жоғарғы жағының бөлшектері бір-бірімен біріктірілген немесе біріктірілмеген әр түрлі баулардан тұратын аяқ киім түрі.
2. «Аяқ киім өлшемдері» стандартқа сәйкес аяқ киімнің метрикалық өлшемдері бекітілген, олар аяқ киімнің ұзындығы бойындағы шектес өлшемдер аралығына (5және 7,5мм) байланысты анықталады. Аяқ киімнің өлшемі табанның ұзындығымен анықталады және миллиметрмен есептеледі. Жас, жыныс белгілеріне қарай аяқ киімдерді 10 топқа бөлінеді.Аяқ киімнің топтары мен өлшемдері 1 кестесінде берілген.
1 Кесте. Аяқ киімнің әртүрлі топтарының өлшемдері (шектес өлшемдер арасындағы аралық 5мм)
Аяқ киімнің топтамасы
|
Өлшемдер
|
Бастапқы топ
өлшемдері
|
Толықтықтың минимальды аз
саны
|
Нөмір аталуы
|
|
|
|
0
|
Шәрке
|
95,100,105,110,115,120,125
|
110
|
1
|
1
|
Гусарик
|
105,110,115,120,
125,130,135,140
|
135
|
1
|
2
3
|
Мектепке дейінгі Бірінші топ Екінші топ
|
145,150,155,165170,175,180,185,190,195,200
|
155
185
|
2
2
|
4
|
Қыздарға
арналған мектеп
|
205,210,215,220,225
|
215
|
3
|
5
|
Бойжеткендер
Бірінші топ
Екінші топ
|
2530,235,240
245,25,255,260
|
235
250
|
3
3
|
6
|
Ер балалар
Бірінші топ Екінші топ
|
205,210,215
220,225
|
215
|
3
|
7
|
Ер балалар Бірінші топ Екінші топ
|
230,235,240
245,250,255,260,265
270,275,280
|
235
260
|
3
|
8
|
Әйелдер
|
210,215,220,225,230,
235,240,245,250,255,
260,265,270,275
|
240
|
3
|
9
|
Ерлер
|
245,250,255,
260,265,270,275,280,285,
290,295,300,305
|
270
|
3
|
Достарыңызбен бөлісу: |