Жеңіс күні ұлы күн! Тақырыбы: «Жеңіс күні ұлы күн!»



Дата08.09.2017
өлшемі29,61 Kb.
#31736
түріСабақ
Жеңіс күні - ұлы күн!
Тақырыбы: «Жеңіс күні - ұлы күн!»
Мақсаты: оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сахна, ұрандар жазылған плакат, соғыс тақырыбындағы суреттер.

Сабақ барысы:
Жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан
- Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік жарияланады)

жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.
Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңіске арналады.
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп.
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Жүрек біткен желпінсін, жүрек аттай


Сезім біткен серпілсін дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқалмай
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

Оқушыларымыздың жеңіс күніне дайындаған тақпақтарын қабыл алыңыздар
Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Жеңіс күні - адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.


9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті. 5 - оқушы: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Бейнеңізге бас иіп тәу еткенде
Ерік жігер дариды жүректерге.
Мәншүк пен Әлияның қасиеті ғой,
Қазақты бауыр етіп бір еткенде!

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,


Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудың тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Даламыздың даңқысын,


Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
қыздарымыздың орындауында «Әлия». әнін қарсы алыңыздар

Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

Қасарысты жиырма сегіз,


Тынбай атты гранатты.
«Отан!» деген отты лебіз -
Жандарынан жалын атты.

Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23 - і қаза тапты, 28 - дің 22 - сі – қазақстандықтар еді.

Теңдесі жоқ ерлігі үшін 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. Олар - екі рет батыр атағын алған Талғат Бигелдинов, Н. Әбдіров, «шығыстың қос қанаты» Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы сынды ержүрек батырларымыз еді. Олардың ішінде Қашаған Жаманғараев пен Рақымжан Тоқатаев аталарымыз да бар.

20 - оқушы: Тыныштық тулары


Биікке самғасын.
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын. (Хормен)

21 - оқушы. Жасасын Жеңіс!


Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!

22 - оқушы. Барша халық жеңіс күнін тойлайды,


Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Қорытынды.

Бүгінгі өнеге сабағымыз халқымыздың екінші дүние жүзілік соғыста жеңіске жетіп, бейбіт заман орнағанының 70 жылдығына арналды. Жас ұрпаққа жеңістің оңай келмегендігі туралы, соғыстың қасіреті туралы айта келіп, бейбіт заманның қадірін біліңдер, Отаныңды сүйіп, өз еліңнің патриоттары болыңдар! – дейміз.

Осымен «Жеңіс күні – Ұлы күн!» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Елімізді қорғап, Жеңіс туын желбіреткен аға - апаларымызды ұмытпау ұрпақ міндеті.
Каталог: uploads -> doc -> 0640
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0640 -> Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет