Аминқышқылдар
(аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) - молекуласында
амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық
қосылыстар:
H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин)
Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан
карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір
аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы,
гидроксил тобы,
тиол тобы
— SH, екі карбоксил тобы болады.
Құрамында әртүрлі функционалды
топтары болғандықтан,
аминқышқылдары гетерофункционалды
қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары
табиғатта көп таралған: ақуыздардың,
пептидтердің және т.б. физиологиялық
белсенді қосылыстардың құрамына кіреді
және бос күйінде де кездеседі.