Жеке бас гигиенасы


Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу. Қолдану көрсетілімдері



бет6/9
Дата20.07.2023
өлшемі43,41 Kb.
#179538
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Жеке бас гигиенасы

Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз:ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.


  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.


  3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.


  4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.


  5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістеуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.


  6. Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.


  7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.


  8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.


  9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.




Науқасты қырындыру. 
Науқасқа Фаулер қалпын беру керек. Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны аламыз. Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағу қажет. Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындыру керек. Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғату қажет.
Науқасты бақылап, оның жеке бас гигиенасын сақтау оңай емес. Бұл баптылықты, мұқияттылықты, аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан, науқасқа тиесілі қызмет атқару үшін, оны орынды емдеу үшін, біз науқастың жеке бас гигиенасын сақталуын білуге міндеттіміз.


ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет