Құрғақ шаш – шаштың аз дымқылдығы және май бездерінің майды аз шығаруына байланысты. Олар өте нәзік және сынғыш келеді
Орташа майлы шаш – майысқақ және жылтыр келеді, сирек сынады. Шашты уақытымен жуып тұру және бекіту шаштың майлылығы мен дымқылдығын сақтауға көмектеседі.
Майлы шаш – шаш тез тері майымен майланады, ол жұмсақ және күңгірт болады. Майлы шашты жиі жуып тұру қажет. Шашты түріне және кірлеуіне байланысты аптасына 1 - 2 рет жуып тұру қажет.
Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.
1. Аяқкиім табан пішіні мен өлшеміне сай болуы, аяқты қыспауы, қан айналымына кедергі келтірмейтіндей болуы тиіс.
2. Аяқкиім қысып, қан айналымға кедергі келтіретін болса, аяқ ісіп кетеді.
3. Аяқкиім жұмсақ, жеңіл, иілгіш болғаны дұрыс. 4. Тар және өте жіңішке туфлилерді сатып алмаған дұрыс. Әсіресе өкшесі тым биік аяқкиім зиян «табанының пішіні өзгереді, омыртқа қисаяды, ішкі органдар орнынан жылжиды».
Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңызда дендеріңіздің саулығына бүгінен бастап қамқор болыңыздар.
Халі ауыр науқастың шашын күту Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.
Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.