Жеке бас гигиенасы


Дәрет сауытын (судноны) беру



бет9/9
Дата20.07.2023
өлшемі43,41 Kb.
#179538
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Жеке бас гигиенасы

Дәрет сауытын (судноны) беру. 
Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалау, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастау, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеу керек. Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіп, аяқтарын аздап тізесінен бүгіп және сандарын екі жаққа алшақтату керек. Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына енгізіп жіберіп, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесу керек. Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытамыз. Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдыру керек. Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрып, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып аламыз. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіп, қағазды дәрет сауытына салыңыз. Дәрет сауытын, клеенканы, жаялықты, кермені жинап алу керек. Науқасқа ыңғайлы жатуға көмектесеміз.Дәрет сауытын жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетеді. Дәрет сауытының ішіндегісін унитазға төгіп, оны жуады.


ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.

Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.


  2. Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.


  3. Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.


  4. Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.


  5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.


  6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.


  7. Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.


  8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.


  9. Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.


  10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.


  11. Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет