Дұға тілек әдебі!
Дұға сұраудыңда өз әдебі бар!
Дәретпен болған жөн.
Әйел адам болса басында орамал болған дұрыс.
Құбылаға қарап отыру.
Екі қолыңызды жоғары көтеріп тілеген дұрыс!
Және дұға жасау алдында ең бірінші Аллаға Мадақ айту қажет
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтамыз
Истиғфар яғни кешірім сұраймыз.
Дұғаны алдымен өзіңізге жасап, кейін туған-туыс, дос жаран, бауырларыңыз, барша мұсылмандарға жасайсыз.
Дұғаны 3 рет қайталап айтқан айтқан дұрыс!
10)Соныңда Аллаға мадақ, салауат айтып, кешірім сұраумен аяқтаймыз!
Менің өз дұғамнан үлгі!
Аллаға мадақ айту үлгісі
Иа Раббым, Иа Раббым, Иа Раббым! Мына құлын алдына қолын жайып келіп отыр. Қолымды бос қайтармашы Раббым! Жанымның Иесі, Көк пен жердің Жаратушысы, Құдыреті шексіз Алла Тағала. Сен Пәксің! Сенің есімің мақтаулы. Күш-құдырет тек Саған тән. Жан дүниемді тазалайтында, жазалайтында бір өзіңсің Раббым! Сен жүректерді басқарушысың.
2.Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтамыз
Иа Раббым, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.), оның отбасыларына, сахабаларына Аллахтың игілігі мен сәлемі болғай
Достарыңызбен бөлісу: |