Алладан кешірім сұрау үлгісі
Иа Раббым сен аша кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, ендеше меніде кешірші! Бізді кешір, жарылқа, Мейіріміңе бөле, тәубемізді қабыл қыл.
Дұғанызды бастайсыз
Иманымызды берік ет, құлшылығымызды қабыл ал. Намазбен қуандыр, тәхажжудте ляззат сыйла, иманның дәмін сездір, таң намазды қаза қылудан сақта, Намазбен қуандыр, тәхажжудте ляззат сыйла, иманның дәмін сездір нәпілдермен Өзіңе жақын ет, "Мүлк" сүресімен қабірімізді нұрландыр, игі амалдарымызбен Қияметте сүйіншіле, "Уақиға" сүресімен бай қыл, сүннетімізбен Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемімен игілігі болсын) жақын ет, шүкір етумен қанағат бер, Құраннан бір күнге болсын қол үздірме. Білімімізді арттыр оған сай амал бер, садақамызбен күнамыздан тазарт, шүкірімізбен Саған сүйікті ет. "Дұха" намаздарымызбен денімізді сау қылғайсың, Ұлы Кітабыңды оқумен дерттерімізден айықтырғайсың, намазбен сабырлық сыйла, Сені еске алумен жүрегімізге тыныштық бер!⠀ Бізді нәпсімізбен бір сәтке болса да жеке қалдырма, шектен шықсақ көркем насихат бер, Өзіңді бір сәтке болса да ұмыттыра көрме, дүниемен алдандырма, Мейіріміңнен үміт үздіре көрме, дінде табанымызды нық ет, ісімізді жеңілдет!, Қамқорлығың мен Жәрдеміңнен айыра көрме! Тілімізді зікір етумен суландыр, ғайбаттың есігін ашып қоюдан сақта, өзгеге мін тағудан алыс ет. Риядан қорға, фитнадан бетімізді аулақ қыл. Өзгенің айыбын жасыруды үйрет, реніштерді ұмыттыр, қарапайымдылықпен сұлу ет, көркем мінезбен дәрежемізді биік ет. Біз Саған мұқтажбыз! Бізді жарылқа, күнәмызды кешір, ей, Күндізді түнмен түнді күндізбен алмастырған, аспанға шамшырақ орнатып, өлі жерді тірі еткен Құдыреті шексіз Раббым! Иа Раббым, маған мешіттің жанында, іші таза, кең, намаз оқитын иманды жандар тұратын хайырлы үй нәсіп етші.
Достарыңызбен бөлісу: |