72
қалауын («балалық негативтілік» деп аталатын) жасап,
оны қалай болса да
қанағаттандырғысы келеді. Баланың мінез-құлқындағы мұндай өзгерістер оның
мінезінің қалыптасуымен, тәуелсіздікке ұмтылуымен
және өзін-өзі дәлелдеуге
ұмтылуымен байланысты. Бұл кезең «үш жастағы дағдарыс» деген атаумен
белгілі, ол аз уақыттан соң қалпына келеді. Жеке тұлғаның қалыптасу үдерісінде
бұл кезеңде балалардың үрейленуіне негіз болатын олардың эмоцияларының
алатын рөлі зор. Егер сіз шыдамдылық
пен төзімділік таныта білсеңіз, мәселені
шешуге болады. Ең жақсы тәсіл – осы жастағы баланың жаман мінез-құлқын тый-
ып тастау,
оны алдарқатып, назарын басқа бір нәрсеге аудару. Егер лайық бол-
са, оны әркез мақтауды ұмытпаңыз. Осы жастағы дағдарысты естен шығармай,
оған шыдамдылықпен қарау қажет. Жұмсақ әрі мейірімді болуға тырысыңыз.
Баланы аз ғана уақытқа бала ретінде белсенділік танытатын сүйікті
істерінің бір
түрін шектей отырып жазалауға болатынын, бірақ ұрып-соғу немесе моральдық
тұрғыдан жазалауға болмайтынын есте сақтаңыз (100-бет).
ҚАУІПСІЗДІК
Баланың теледидардың немесе компьютердің алдында отыратын уақытын
міндетті түрде шектеңіз, таза ауада ойнайтын ойындарға артықшылық беріңіз.
Бала ойнайтын алаң жүргінші бөлімнен қалқалануы тиіс. Үйіңіздің қасынан
машинамен кетер кезде қасыңызда баланың жоқ екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Балаңызға зиян келтіретіндей бірдеңелерді қалдырып кетпегеніңізге
сенімді
болу үшін қауіпсіздік жөніндегі сұрақтықты тағы бір қарап шығып, тексеріңіз.
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе тамақ жеуден және ішуден бас тартса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір тамақ ішкеннен кейін құсатын болса
• аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса
• ұстағанда денесі ыстық болса және қызуы түспесе;
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырыл болса, тұншыға
бастаса
•
нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
• ойынға қызықпаса;
• жиі құлап қалатын болса;
• ұсақ заттарды қиналып ұстайтын болса;
• қарапайым хабарламаларды қабылдай алмаса;
•
сөз айтуға қабілетсіз болса, ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ
ҚАРАЛЫҢЫЗ.