79
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕН КОНСУЛЬТАЦИЯ АЛЫҢЫЗ
Баланы дұрыс тамақтандыру (отбасы дастарханынан бес рет
толыққанды тамақтандыру)
Жасына сәйкес психоәлеуметтік дамуы
Жасына сәйкес сылау және гимнастика
Күнделікті серуен, күн көзінде жеткілікті болу
Бала ауырып қалған жағдайдағы мінез-құлық пен күтім
жасау ережесі
(қауіпті белгілері және қай уақытта көмекке жүгінуге болатыны, тамақ
беру және сұйық ішкізу режимі)
Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіз
орта және ата-аналардың мінез-құлқы.
Баланы дамыту мақсатында оған күтім жасауға әкені қатыстыру
3, 4 және 5 жасында жылына 1 рет дәрігерге тексерілу, зертханалық
зерттеулер жасату, мамандардан консультация алу
Тіске күтім жасау/ ауыз қуысы гигиенасы
Отбасын
жоспарлау
80
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ ЖАСАУ
Мектеп жасындағы балалардың тамағы сәбилердің тамағынан мөлшері
жағынан да, сапасы жағынан да ерекшеленеді. Бұл жаста балалардың
энергияға мұқтаждығы үлкендерге қарағанда жоғары болса да, ортақ дастар-
ханнан тамақ ішеді, ол балаларда зат алмасу қарқындылығымен
және өсу мен
даму қарқынының жоғары болуымен түсіндіріледі. Балаға күн сайын біркелкі,
теңгерімсіз тамақ беру оның өсуі мен дамуында тежелу қаупінің пайда болу фак-
торы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі бала күніне 5 рет тамақтануға тиіс.
Негізгі тамақты (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) және күніне 2 рет жүрек жалғайтын
тамақтардан (жемістер, шырындар, кепкен нан, бір тілім ірімшік және т.б.)
ажырату қажет. Кейбір тағамдарды (нан, жармалар,
макарон бұйымдары, сүт,
ет, көкөніс, бұршақ тұқымдастар, жеміс секілді) күн сайын, кейбір тамақтарды
(балық, сүзбе және т.б.) сирек жеу керек. Бала сұйықты жеткілікті деңгейде ішуі
қажет. Шөлін басу үшін газдалған сусындарды, сондай-ақ қант көп қосылған су-
сындарды ішуге болмайды. Дұрысы, балаға кәдімгі таза суды берген жөн.
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Балаңыз түсінікті
етіп сөйлейді, дұрыс құрылған
сөйлемдерді пайдаланады, сөздардің қарама-
қарсы мәндерін түсінеді, сын есімдерді пайдалана-
ды, суретке қарап қарапайым әңгіме құрастырады,
барлық
дыбыстарды дұрыс айтады, таныс мәтіндерді
мазмұндап айтып береді, шылаулары бар (өйткені,
сондықтан) құрмалас сөйлемдерді қолданады, сөздік
қоры шамамен 3 000 сөзге дейін айтарлықтай молай
-
ды, дауысын өз бетімен қатайта алады, түрлі
дауыс
екпінін шығара алады. Ата-анасының мамандығын,
мейрамдардың аттарын біледі. Өз бетімен киінеді,
түймелерін салады, бауларын өткізе алады, жуынады,
тістерін тазалайды, таранады, бетін сүртеді. Негізгі 4-6
түсті ажыратады, 10-ға
дейін санайды, қарындашты
дұрыс ұстайды, көлденең және тік сызықтар сызады,
үш дене мүшесінен тұратын адамның суретін салады,
белгілі бір топқа жататын заттарды (жануарлар, ыдыс,
жиһаз) нақты атайды. Бір іспен айналысқан кезде
дербестік және белсенділік танытады, өзінің айналы-
сатын ісін өзі тауып алады, ата-анасына көмектеседі,
тапсырмаларды орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: