Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Публикация на каз

12 АЙДАН 2 ЖАСҚА ДЕЙІН
2 ЖАСТАН 5 ЖАСҚА ДЕЙІН
Қуыршақтарға арналған арба-
лар, қуыршақтарға арналған 
үй бұйымдары, дамытушы ой-
ындар, қарындаш пен қалам, 
қарапайым басқатырғыштар, ку-
биктер, киіндіріп-шешіндіруге бо-
латын қуыршақтар, машиналар, 
ойыншық үйлер. 
• Ойнаңыз: Балаңызға санауға, 
заттардың атын атауға 
және оларды салыстыруға 
көмектесіңіз. Балаңызға ар-
нап қарапайым ойыншықтар 
жасаңыз. 
• Қарым-қатынас жасаңыз: Ба
-
ланы әңгімеге шақырыңыз. 
Балаңыздың сұрақтарына жа-
уап беріңіз. Балаңызды әңгіме 
айтуға, ән айтуға және ойнауға 
үйретіңіз. 


100
Баланы тәрбиелеу оларға зорлық-зомбылық көрсетуден тұрмауы тиіс. Баланы 
ешқашан жазаламаңыз, оны ұрмаңыз. Ұрып-соғу баланың физикалық және 
психологиялық денсаулығына зақым келтіруі мүмкін. Зорлық-зомбылықтың 
кез келген түрі зиянды және бала өмірінің барлық жағына кері әсерін тигізуі 
мүмкін. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар тамақтың жетіспеуі мен ау
-
рудан жиі зардап шегеді, мектепте нашар оқиды, өзін-өзі сыйлаусезімі төмен 
болады. Тәрбие жанды ауыртпайтындай болуы керек. Тек ұрып-соғуды ғана 
ғана емес, эмоционалдық қысым жасауды да толықтай болдырмау керек: бала-
ны қорламаңыз, балағаттамаңыз, басқа балалармен салыстырмаңыз. Мұндай 
тәрбие баланы ренжітеді және ашуын келтіреді. 
Баланы тәрбиелеу әдісін таңдау, әсіресе, үлкендердің тілін аса түсінбейтіндіктен 
әрі олардың өздерінен не сұрайтынын білмегендіктен, кішкентайлардың тәрбиесі 
біршама қиын. Бала тәрбиесі көбінесе ата-ананың жеке ісі, дей тұрғанмен, бейбіт 
тәрбиенің жалпы қағидаттары барлығына бірдей қолданылады. Әр жолы бала 
тентек болған сайын бұның дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысыңыз және оған 
дұрыс жол көрсетіңіз. 
Жақсы әдіс – мадақтау жүйесін әзірлеу. Ас бөлмесінің көрнекі жеріне Сіз күнделікті 
балаңыздың тәртібін түрлі-түсті фломастермен/маркермен/стикермен белгілеп 
отыратындай етіп, парақ немесе кішігірім тақтайша жапсырып қойыңыз. Мысалы 
«жақсы» күнді жасыл түспен, «жаман» күнді қызыл түспен белгілеңіз. Жұма күні 
кешке «жақсы» мен «жаман» күндерді санаңыз және баланың мінез-құлқына 
қарай демалыс күндерін ұйымдастырыңыз. 
Әрбір жазалау мен мадақтау әдісі отбасы жиналысында алдын ала талқылануы 
тиіс екенін есте ұстаңыз. Отбасының барлық мүшелері өздерін бірдей 
қағидаттарға сәйкес ұстауы тиіс және жазалау мен мадақтау жүйесі барлығы 
үшін бірдей болуы керек. Атасының/әжесінің рұқсатсыз, жасырын беретін 
тәттісін немесе қандай да бір сыйлықтарды есептемеңіз. Әрбір сыйлық мақсатты 
түрде және жақсы мінез-құлыққа байланысты мадақтау ретінде берілуі тиіс. 
Әр бала жеке тұлға және оны өзінің жеке темпераменті сипаттайды. Балалардың 
сондай-ақ, өзін-өзі реттеу моделі бар, олар кез келген стрестік жағдайды 
өздерінше қабылдайды. 
Кейбір балалар бірдеңе жасамастан бұрын ойланады, кейбіреулері – тым қызба. 
Оның үстіне, кейбіреулері белгіленген тәртіпке жеңіл бағынады, ал кейбіреулері 
– үлкен қиындықпен мойынұсынады. Ата-аналардың ұстанымдары осыған 
сәйкес келуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет