16
СЫЛАУ ЖӘНЕ ГИМНАСТИКА
1АЙДАН 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕН
Сабақтың жалпы ұзақтығы — 5—6 минут. Ең алдымен сипай отырып сылау, жаттығу
кезіндегі тітіркенулерге жауап ретінде пайда болатын тек кейбір рефлекторлық
қозғалыстарды пайдалану ұсынылады. Баланың қолы мен аяқтарын күшпен
түзетуге болмайды: бұл жаста аяқ-қолдарының бұлшық еттерінің сіресіп қалуы
(жоғары тонус) байқалады.
1-ЖАТТЫҒУ.
ҚОЛДЫ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (4—6 РЕТ).
Бастапқы қалып (БҚ): баланы аяқтарын үстелдің
алдыңғы шетіне жақындатып, арқасымен
жатқызыңыз. Қолын ішкі жағынан алақан
қозғалысымен саусақтан иыққа қарай бағытпен
сипаңыз.
2-ЖАТТЫҒУ.
ІШТІ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (6—8 РЕТ).
БҚ: сондай. Ішті, бауырдың айналасына соқпай,
бір немесе екі қолдың алақанымен сағат тілі
жүрісінің бағытымен айналдыра сипалау.
3-ЖАТТЫҒУ.
АЯҚТЫ СЫЛАУ — СИПАЛАУ (4—6 РЕТ).
БҚ: сондай. Баланың бір аяғын табанынан жеңіл
ұстап тұрып, екінші алақанмен сирақ пен жамбасты
табаннан шапқа қарай сыртқы және артқы жағынан
сипалаңыз. Жамбастың ішкі жағы сыланбайды.
4-ЖАТТЫҒУ.
Достарыңызбен бөлісу: