Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет13/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

19
ҚАУІПСІЗДІК
Ұйықтағанда бала тегіс жерде шалқасынан жастықсыз жатуға тиіс. Баланың 
бетін жаппаңыз. Баланы жалғыз өзін үстел үстінде немесе ашық кереуетте бір 
секундқа да қалдырмаңыз – құлап кетуі мүмкін. Ыстық су мен суық су жиі ауысып 
тұратындықтан, баланы тікелей ағып тұрған судың астына қойып жуындырмауға 
тырысыңыз, бала күйіп қалуы немесе оған салқын тиіп қалуы мүмкін. Ваннадағы 
судың температурасын үнемі тексеріңіз. Пассив шылым шегудің зиян екенін 
есіңізде сақтаңыз, сондықтан үйде/пәтерде шылым шегуге тыйым салыңыз. 
ЕГЕР БАЛАДАН МЫНАДАЙ БЕЛГІЛЕР БАЙҚАЛСА:
• емшекті сүлесоқ сорса немесе одан бас тартса;
• қолдары мен аяқтарын аз қозғалтса;
• қатты дауысқа не жарыққа әлсіз жауап қайтарса немесе мүлдем қайтармаса;
• ешбір себепсіз ұзақ жыласа;
• әрбір емгеннен кейін құсса және іші өтсе; 
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
жиі және ауыр дем алса, ыңырсыса; 
• терісі іріңдесе, кіндігінің айналасы қызарып немесе кіндігінен сұйықтықтар 
бөлінсе;
• алақандары немесе табандары сарғыш тартса;
• 1 ай бойына салмақ қоса алмаса, ОНДА ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА 
ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АПАРЫҢЫЗ
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Бірінші күннен бастап жоспарлы екпелер басталады. Дәрігермен хабарласып
нақты уақытын және орнын анықтаңыз. Вакцина егу барлық балалар үшін міндетті 
әрі тегін – екпелер балаңызды қауіпті инфекциялық аурулардан қорғайды. Вак-
цина егумен байланысты асқынулар әдетте өте сирек кездеседі әрі вакциналар 
қорғайтын ауруларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз болып табылады. 
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 


20
иӘ 
ЖОҚ
Балаңызды киіндіріп-шешіндіріп жатқан кезде ол қолдары 
мен аяқтарын еркін қозғай ала ма? 
Қатты дауыс шыққанда немесе шуға сел кете қала ма? 
Емшекті жақсы сора ма? 
Ішімен жатқызғанда басын көтере ме және аз ғана уақытқа 
басын ұстап тұра ала ма?
Ойыншықтарға қарай ма, оны көзінің қиығымен бақылай 
ма? 
Оқтын-оқтын күлімсірей ме? 
Баланың кіндігі құрғақ па? (егер кіндігі базданып тұрса не-
месе айналасы қызарса, дәрігерге көрсетіңіз)
Үлкен дәреті түссіз -сарғыш, ақшыл немесе сұр түсті ме? 
(егер баланың үлкен дәреті түссізденіп, сондай-ақ терісі 
мен көзі сарғайып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз)
Оның ең бірінші міндетті екпесін жасаттыңыз ба?
Бала күтімінде Сізге не нәрсе ерекше қиындық туғызады? 
Баланың өсуі мен дамуы бойынша жүргізген бақылауыңызды сипат-
тап жазыңыз, өз ойыңызша, баланы дәрігерге көрсетуді талап етеді деген 
жағдайларды және басқа да маңызды түсініктемелерді келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет