Клостридиялардың қасиеттері: Үлкен таяқшалы, перитрихиольды талшықтары
бар. Олар овальды немесе дөңгелек спора түзеді. Грам оң, хемоорганотрофтар, сульфатты
қалыптастырмайды. Бірі – қантты, басқасы – протеолитикалық қасиетке ие. Глюкозаны
және тағы басқа көмірсуларды ферменттейді. Штамдарының көбі қатаң анаэробтар, бірақ
кейбір түрі оттекті ортада өсе алады. Құрамында Г+Ц (ДНҚ-да) 23-43% болады.
Clostidium идентификациясы, желатинді ерітуі бойынша 4 топқа бөлінеді:
I. Споралары субтерминальды
a. Желатин гидролиздемейді – І топ, түр 1-11
b. Желатин гидролиздейді – ІІ топ, түр 12-31
II. Споралары терминальды
a. Желатин гидролиздемейді – ІІІ топ, түр 32-50
b. Желатин гидролиздейді – ІV топ, түр 51-56
Клостридиялардың тағы 36 түрі адамның клиникалық материалынан, 24 түрі – ауру
жануарлардан алынды. Бұлардың қатарына c tetani (споралары терминальды, желатинді
гидролиздейді – ІV топ), c botulinum, c perfringens, c novyi, c septium, c sordell, c histolycum,
c difficle, c sporogenes жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |