36.Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойында болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Бұл теория негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез - құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлыкты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.
37.Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған ХХ ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы.
38.Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
39.Психологияның негізгі мақсаты — психиканы цубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
40.Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.
41.Еңбек психологиясы – бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік
маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның ӛнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады.
42.Инженерлік психология – еңбек психологиясы бӛлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам машина» саласындегі әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады.
43.Арнайы психология – адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, Ақылы есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |