53.Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму
заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды.
54.Ғарыш психологиясы– психологияның ең жас және жаңа саласы, ол
адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады.
55.Әлеуметтік психология- әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық
көріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық
пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы
өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым-
қатынасын, дін психологиясының
өзекті мәселелерін де зерттейді.
56.Өнер психологиясы – қызметтің ӛнер туындыларын жасауға бағытталған
психологиялық компоненттерін қарастырады.Өнер психологиясының маңызды міндеті эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке
қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
57.Басқару психологиясы – басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық
мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады.
58.Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.
59.Интроспекция - өз психикасын басқаратын заңдылықтарды ашу барысындағы, бақылау. Дуалистік философияда (тән және рух) интроспекция негізгі философиялық методология болып саналады.
60.Кешенді әдіс- әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
61.Лонгитюд әдісі- ұзақ уақытты зерттеу.
62.Байқау- кең таралған зерттеу әдістерінің бірі