Жеке тұлғаның ерік эмоциялық жүйесі Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі207,31 Kb.
#84665
1   2   3
Байланысты:
dddaf138-9562-11e3-8e6b-f6d299da70eeПсихология-Сезим, ерик-Презентация

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002ж.
  • Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005ж.
  • Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996ж.
  • Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993ж.ж.

1
2
3
Ерік сапалары
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде, оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнер тапқыштардың жұмыс процестеріндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным процестерінде үлкен роль атқарады. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну", "сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін", "ауырғанымды сезіндім" дейміз, ол дұрысында: "қорқынышты сезіндім", "ауырғанымды түйсіндім" деп айтылу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл күйін, оның сол заттар мен құбылыстарға қатынасын көрсетеді .
Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады: олар адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің демалуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді; керісінше де болуы мүмкін: маңдайдан суық тер шығады. қалшылдай бастайды, көзден жас сорғалайды. Сезім кісінің бет-әлпетінен де мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде "Адам жүзі - жанның айнасы", деп босқа айтылмаған. Біздің бетіміздің бұлшық еттері өте қозғалмалы, ол адамның ішкі көңіл-күйіне тәуелді болғандықтан неше түрлі құбылады. Кітапқа жапсырылған суреттерді қараңыздар. Сол суреттер арқылы адам дәл сол кезде қандай сезім үстінде екенін айыру қиын емес. Бүкіл дене қимылдары (пантомимика) да яғни қимыл, сымбат, дененің әдемі қимылы, адамның кейпі сезімді білдіреді.
Эмоцияны басқаларынан көрі толығырақ бере алатын - біздің сөзіміз. Сөз тек ойды ғана білдіріп қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуанышына дейінгі әр алуан сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін - поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы да үлкен рөл атқарады. Бір сөздің өзі айтылуына қарай не қуанышты, не қайғыны, не ашуды білдіруі мүмкін. Бейтаныс шетел тілін тыңдай отырып, оны сөйлеп тұрған адамның қандай көңіл-күйде екенін ажырату қиын емес.
Сезімді білдіруде өнердің, әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері бар. Сөзге қарағанда музыка тыңдаушыларының көңіл-күйін ауызекі айтып жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады.
Сезім сырттай көрінуі арқасында басқаларға оңай көшеді. Шынында да, жылап тұрған адамды көргенде, тіпті көбіне оның қайғысының себебін білмесек те біз мұңайып қаламыз. Керісінше, көңілді, шат адамды көргенде - біздің көңіл-күйіміз көтеріледі.
Сезім барлық психикалық процестермен тығыз байланысты.
Сезім және күрделі эмоциялармоция
ЭМОЦИЯ-қысқа мерзімде болады, бет пішінінен білінуі
Қоздырады
Ортамен болған өзара қатынас
Субъект сипаты
СЕЗІМ-ұзақ мерзімде және тұрақты болады
Қанға адреналин қосылады
Ретикулярлы формация қызметі
Лимпикалық жүйе қызметі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет