Жекелеп-даралап оқыту технологиясына жүзеге асыруға бағытталған желілік технологиялар. Желілік технология



бет12/12
Дата21.10.2022
өлшемі3,58 Mb.
#154395
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
9 Тап- 13 тап дейін

ДОТ-қа негізделген сабақ:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері [2, 37].

Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді. Ол сыныптағы 20 баланың бес-алтысы ғана жаттап алуы мүмкін. Ал он бес бала тақырыпты меңгере алмай қалар еді. Дамыта оқыту оқушының ойлай білуін мақсат тұтады. Себебі оқушыны ойлауға үйретпей тек ережені ғана жаттауға негізделсе, бала ережені түсінбес те еді. Соның салдарынан ереже айтқанда, кітаптағы бір сөзді ұмытып қалса, ереже айта алмай тұратын болады. Өйткені жаттанды біліммен бала ұзаққа бара алмайды. Бала аталған ереженің мағынасын, оның маңызын, қай жерде қолданатынымызды білуі керек. Дамыта оқытуда балаға ережені өзіне шығартуды алға тартады. Сонымен бірге бала бұл ереженің өмірдегі пайдасын түсіне алуын мақсат етеді. Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні, дамыта оқыту технологиясының маңызы үлкен болып отыр. Тек оны оқытушылар қауымы орнымен, жүйесімен қолдана алса игі болар еді.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Құрманова Н.Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық сипаты және оны талдау жолдары – Алматы, 2009
2. Давыдов В.В. Теория развивающего обучение. – М., 1996

13 Тақырып. Л.Н.Толстойдың еркін педагогикасы.


Тапсырма түрлері: Л.Н.Толстойдың еркін педагогикасына талдау жұмысын жүргізіңіз.


(1828-1910)
Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі. Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.

Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.
Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.
Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жан-жақты суреттелді.
1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді. 70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді, өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-адамгершілік ілімді насихаттады. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы. Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм, бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті.
Сол кездегі мектепті қатты сынай отырып, Толстой баланың жеке басын құрметтеуге, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға негізделген өзінің тәрбие жүйесін қарсы қойды. Толстойдың 60-жылдардың бас кезіндегі педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға, арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізді. Сонымен, бұлай деп пайымдау Толстойдың педагогикалық көзқарасы мен қызметіндегі көптеген қайшылықтарының бірі болды. Шын мәнінде ол жалпы тәрбиеге қарсы шыққан жоқ, бірақ сол кездегі мектептерде жүргізілген тәрбиеге, құрғақ жаттауға, шәкірттердің жеке басын аяққа басуға, формализмге қарсы болды. Осыған өзінің “Педагогиканың өлшемі – тек бір ғана еркіндік” деген ұранын қарсы қойды. “Еркіндік тәрбие” теориясына тән қасиет баланың жеке басын асыра бағалалаушылық, оның “табиғатының” алдында бас ию болып табылады. Сонымен қатал Толстойдың балалардың жеке басын аяққа басуға қарсылықтың, балаларға деген сүйіспеншіліктің үні естіледі. Толстой нәзік психолог болды, баланың жан дүниесін жақсы білді. Оған дәлел: оның тамаша әдеби шығармалары, барлық оның педагогикалық қызметі Толстой балаларды қызықтыра, олардың шығармашылығын оята және жан-жақты дамыта білді, оларға өз бетімен ойлауға және терең сезіне білуге көмектесті. Ол педагогикалық жұмыспен ерекше қызыға айналысты, үздіксіз іздеу үстінде әрбір мектеп педагогикалық зертхана болуы керек деген талап қоя білді. Осындай зертхана 1861-62 жылдары Толстойдың ашқан Ясная Полянадағы мектебі осындай зертхана, экспериментальдық мектеп бола білді. Бұл мектепте сабақ мұғалімдердің оқушылармен еркін әңгімесі түрінде ұйымдстырды. Оқу, жазу, таза жазу, грамматика, құдай заңы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, табиғаттанудан және жағырафиядан қарапайым түсініктер, сурет әне ән салу пәндері оқытылды.
Белгілі бір белгіленген оқу жоспары, бағдарламасы және сабақ кестесі болмады. Оқушыларға үйге тапсырма берілмеді. Толстойдың айтуынша, балалардың сабаққа қызыққаны соншама, кешке дейін үйлеріне кетпей тыңдаушы еді дейді. Ясная Поляна мектебінде қандай ма болмасын жазалау және мадақтау әдістері болмады. Толстойдың Ясная Поляна мектебі, сөзсіз, құнды педагогикалық тәжірибе болып табылады. Бірақ соншама тамаша тәжірибе аяқсыз қалды. Ясная Поляна мектебінің негізгі кемшіліктері: біржүйелі білімді бағаламау, оқу жоспары мен бағдарламасының және сабақ кестесінің болмауы,балаларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және тәртіпке үйрететін мектеп ережесінің болмауы.
Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері. “Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті.
Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет.
Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды.
Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді.
Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады. Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды. Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды. Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады. Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет. Л.Н.Толстой орыс педагогикасының тарихына аса көрнекті педагог-ойшыл және жаңашыл ретінде енді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет