Жексенбай н


Хлорсутек қышқылының концентрациясын есептеу



бет42/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Хлорсутек қышқылының концентрациясын есептеу.

Натрий тетрабораты ерітіндісінің белгілі-бір дәл көлемі, тұз қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде эквивалент (балама) заңдылығына бағынады. Ал қышқыл концентрациясы мына өрнекпен анықталады.


Cэ(HCl) =
CЭ(HCl) – тұз қышқылы эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л)

Cэ(Na2B4O7∙10H2O)–дайындалған натрий тетрабораты ерітіндісінің, эквивалентінің молярлы концентрациясы (моль/л)

V(HCl) – тұз қышқылы ерітіндісінің, үш рет титрленген кездегі жұмсалған көлемнің орташа мәні (мл)

V(Na2B4O7∙10H2O) – натрий тетрабораты ерітіндісінің аликвотты бөлігінің көлемі (мл)

Ерітіндідегі натрий карбонатының мөлшерін қышқылды-негізді титрлеу арқылы анықтау.

Натрий карбонаты суда гидролизденетіндіктен оның ерітіндісі сілтілі болып келеді.

CO2- + HOH → HCO3- + OH-

НCO3- + HOH → H2CO32- + OH-

Натрий карбонаты ерітіндісін күшті қышқыл ерітіндісімен титрлеген кезде гидролиз процесі оңға қарай ығысып, толығымен көмір қышқыл газы мен суға ыдырайды. Сондықтан натрий карбонатын тұз қышқылымен титрлеудің толық химиялық теңдеуі төмендегідей болады.

Na2CO3 + 2HCl → 2NaCl + H2CO3

H2CO3 → CO2↑ + H2O



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет