Жел және оның түрлері. Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді. Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер). Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |