«Алтын адам»



Дата17.06.2018
өлшемі27,29 Kb.
#42458
Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.

Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер).

Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтартайпасының жас көсемінің зиратытабылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барысбұлантаутекеарқарат, түрлі құсбейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБмекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.[2] Көне дәуірдегі материалдық мәдениетөнермифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.[3]


Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылымӨңдеу


“Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:

  • балықтың 4,

  • қосмекенділердің 1,

  • бауырымен жорғалаушылардың 8,

  • құстардың 43,

  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылымӨңдеу


“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

  • балықтардың 16,

  • қосмекенділердің 3,

  • бауырымен жорғалаушылардың 10,

  • құстардың 58,

  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда

  • жәндіктердің 96,

  • шаянтәрізділердің 1,

  • ұлулардың 6,

  • құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым


“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:

  • 1-категория – жойылып бара жатқан;

  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

  • 3-категория – сирек кездесетін;

  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда

  • жабықтұқымдылардың 288,

  • ашықтұқымдылардың 2,

  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,

  • мүктердің 3,

  • саңырауқұлақтардың 10,

  • қыналардың – 1 түрі берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.[1

Тұлғаға тағзым - рухани өсу жолы

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың рухани дамуының түбегейлі бағытын айқындап беріп, қоғам алдында үлкен міндет тұрғанын атап өтті. Осы орайда ұлттық сананы айшықтайтын, жаңа рухани қоғам қалыптастыратын, рухы биік, санасы жаңғырған, ұлттық рухта тәрбиеленген, отансүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігі белгілі.

Мақалада көзделген міндеттерді іс жүзінде орындап, яғни шәкірт тәрбиелеу ісін жаңа бағытта өрбіту үшін «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген ұлы жазушы М.Әуезовтың ғибыратын ескере отырып, рухани жаңғырған жаңашыл ұрпақ қана ел ертеңі, ұлт болашағы болатынын ескердік.

Оқушыны біліміне қарай бағалап қана қоймай, тәрбиесіне аса көңіл бөлудің күрделі үрдістері жаңа оқыту жүйесінде кеңінен қамтылуда. Елді ілгері апаратын тұлғалардың бәрі мұғалімнің тәлім-тәрбиесін нәр алып барып, үлкен өмірге қанаттанады.

Ұлттық рухтың, тіл мен ділдің мығым болуы бастауыш сыныпта алған білімге байланысты болғандықтан, рухани дүниенің қайнар көзін табу біздің міндет деп түсінеміз. Ұлтымыздың әлдиден басталып, бесік жырына ұласатын, батырлар жырымен өріліп, ертегі-аңызға еліктіретін бай мұрасы адамның рухани өсу жолы емес пе?! Баланың дұрыс қалыптасуына отбасындағы ырым-тиымдар мен салт-дәстүрдің салтанат құруы да ерекше ықпал етпек. Жеткіншектердің өлке тарихын зерделеп, тұлғаларын танып өсуі де туған топырағының құдіретін сезінуіне жол ашпақ. Біз бұл бағыттағы тәрбиемізді өлкеден түлеген ақын-жазушыларымыз, батыр-билеріміз туралы танымдық шаралармен шендестіреміз. Әріге бармай-ақ, бастауыш сыныптың оқушысына Қазақстанның халық жазушысы, Қазақтың Қадыры атанған Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын таныту арқылы жоғарыда айтылған зор дүниені қамтуға болады. Бір-ақ мысал: «Қадыр Мырза Әлі Орал облысы Жымпиты ауылында 1935 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдап, еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған». Осы сөйлемнен-ақ балалар ақынның Ақ Жайықта дүниеге келгенін әрі шығармашылығын балаларға арнағандығын аңғарады. Әрі қарай ақынның еңбек жолын шығармашылығымен байланыстыра отырып, қызықты ақпаратпен тереңдей береміз. Өлкемізден шыққан өрелі ақынның тұңғыш өлеңдері республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланып, жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көргендігін айта отырып, мектеп оқулықтарына енген өлеңдеріне кезек береміз. Ақынның 1959 жылы шыққан «Көктем» жыр жинағы кез келген баланы еліктіріп әкететін дүниелерге толы. Ақынның өзге ұлт тіліндегі дүниелерді қазақшаға аударғандығын және өз шығармаларының ағылшын, француз, неміс, поляк, венгр, болгар тілдеріне тәржімаланғандығын айта келіп, ұлттар бірлігі мен татулығына қосқан өлшеусіз үлесін ұғындырамыз. Ал әнге арнап жазған екі жүзден астам өлеңінің халыққа кең тарап кеткендігін сөз еткенде қазақ ән өнерінің дамуына қосқан еңбегін түсіндіреміз. Осылайша қазыналы тұлғаның шығармашылығын жан-жақты сипаттай келе, том-том жинақтары бары екендігін, оларды кез келген кітапханадан, дүкен сөрелерінен табуға болатынын айтып, бағыттаймыз. Тәлімді сабақ мұнымен шектелмек емес. Балалардың алған білімін әрі қарай толықтыру мақсатымен облыс орталығындағы «Қадыр Мырза Әли» мәдени орталығына саяхат ұйымдастырамыз. Сәулеті ерекше мәнерде бой түзеген орталық нағыз рухани дүниенің алтын ордасы іспетті. Ақынның табиғатынан, бітім-болмысынан сыр шертіп тұрған құнды жәдігерлердің сыры баяндалған сәтте бала бойын тамаша сезімдер билері сөзсіз. Ақынның ұрпаққа қалған мол мұрасы, иеленген атақ-даңқы мен халқы білдірген құрметі жайлы маңызды мәліметтерді осы киелі шаңырақтан алуға мүмкіндік болғанына бек қуанамыз. Бұл – рухани жаңғыру аясында шәкірттерге ұсынылған аса маңызды ұлттық құндылық болары сөзсіз.



Ақынға тағзым ету барысында «Қияға өрлей ұшқан қыран ақын» тақырыбында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты – оқушыларға жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, тереңірек таныстыру. Поэзияны сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Өлеңдеріне жазылған әндерді шырқау арқылы оқушылар бойына ақынның жан дүниесін ұғындыру. «Қадыр бүгінде әр жапырағына жауһар жыр тұнған зәулім бәйтерек іспеттес» - деп қандай әдемі айтылған. Сол бәйтеректің көлеңкесі сая, жапырағы нәр, тамыры тұнған ілім. Сондықтан да сөз қадірін білетін қазақ атаулы Қадыр жырларын қадірлемей, қастерлемей тұра алмайды. Қадыр ақынның сыры терең өз үнімен мәнері өзіндік айшығы мен өрнегі бар лирикасы, жырлары мәңгі өшпейді. Артында жыр сүйер оқырманы барда Қадыр мұрасы ешуақытта ұмытылмайды.
БҚО Орал қаласы

47 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева.З.О

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет