Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қосылуларды жалпы баптау басқаруларын пайдалану Жұмыстың мақсаты


Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы параметрлерін баптау



бет2/9
Дата16.01.2022
өлшемі122 Kb.
#112203
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОЖ 13-зертханалық жұмыс. Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы параметрлерін баптау

Осы тапсырманы орындауға қойылатын талаптар

Тіркеу деректері: Сіздің Домен әкімшілері немесе Топтық саясатты құрушы-иелер қауіпсіздік тобының мүшесі ретінде домен құрамында Windows XP SP2 операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейтін компьютердегі жүйеге кіруіңіз керек.

Құралдар: Топтық саясат объектілері редакторы (Group Policy Object Editor) жабдықтамасы орнатылған Microsoft басқару консолі (Microsoft Management Console – MMC).

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы – бұл Windows XP SP2 ОЖ-ң қауіпсіздік параметрлерін баптаудың біртұтас нүктесін қамтамасыз ететін, компьютер қауіпсіздігі туралы қосымша ақпарат беретін және Microsoft корпорациясының қазіргі ұсынған қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік беретін жаңа қызметі.

Windows домендік ортасында Сіз Топтық саясатты Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын қосу, клиенттердің компьютерлеріне қауіпсіздіктің соңғы жаңартулары орнатылғанын мониторинг жасау мақсатында және тұтынушыларға компьютерлеріне қауіп төнген кезде хабарлау үшін қолдана аласыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы қызметі фондық процесс ретінде жұмыс істейді және тұтынушы компьютеріндегі келесі компоненттердің күйін тексереді:

Брандмауэр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы Windows брандмауэрінің қосылуын және басқа программалық брандмауэрлардың бар-жоғын тексереді. Басқа брандмауэрлерді тексеру үшін Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы программалық жасақтама құрушыларға қол жетімді Windowsты басқару құрал-саймандарын (Windows Management Instrumentation – WMI) арнайы жеткізушілеріне сұрау салады.

Вирустардан қорғау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы вирусқа қарсы программалық жасақтаманы тексереді. Ол үшін қауіпсіздік орталығы программалық жасақтама жасаушыларға қол жетімді Windows Management Instrumentation арнайы провайдерлеріне сұраныстар жасайды. Егер қажетті ақпарат болса, қауіпсіздік орталығы орнатылған жаңартулар мен антивирустық сканердің мәртебесін (статус) де тексереді.

Автоматты түрде жаңарту. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы автоматты түрде жаңарту параметрлерінің талап етілетін параметрлерге сәйкес келетіндігін тексереді, бұл маңызды жаңартулардың автоматты түрде жүктелуін және клиенттік компьютерлерде орнатылуын қамтамасыз етеді. Егер автоматты түрде жаңарту өшіріліп тұрса немесе белгіленген параметрлерге сәйкес келмесе, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы тиісті ұсыныстарды жасайды.

Егер осы компоненттердің кез-келгені жоқ болса немесе сіздің қауіпсіздік саясатыңызға сәйкес келмесе, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы тұтынушыға есептер тақтасындағы хабарландыру аймағында қызыл белгіше көмегімен хабарлама береді, сонымен қатар жүйеге кірген кезде ескерту жасайды. Ескертуде Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына сілтеме жасалып, туындаған мәселе туралы ақпарат пен оны шешуге байланысты ұсыныстар жазылады.

Егер Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы анықтай алмайтын брандмауэр немесе антивирустық программа қолданылса, онда бұл компоненттер үшін ескерту хабарламаларын басып шығаруды алып тастауға болады.

Windows домені құрамындағы компьютерлерде Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының параметрлерін орталықтан басқару үшін топтық саясат параметрлерін пайдалануға болады.

Егер Топтық саясаттың «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын» қосу (тек домендегі компьютерлер үшін) параметрі қосылса, онда бұл Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы негізгі қауіпсіздік параметрлерін (брандмауэр, антивирус және автоматты түрде жаңартулар) бақылайды және тұтынушыларға олардың компьютерлеріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлайды дегенді білдіреді. Үнсіз келісім бойынша Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын қосу (тек домендегі компьютерлер үшін) параметрі тағайындалмаған, демек ол өшірілген. Егер Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өшірілсе, хабарламалар да, күй бөлімі де көрсетілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет