Желтоқсан 2015 жыл


Бесінші. Жаңа əлеуметтік саясат



Pdf көрінісі
бет11/48
Дата08.02.2022
өлшемі10,07 Mb.
#97989
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
Alau 12.15

Бесінші. Жаңа əлеуметтік саясат
Серпінді экономикалық өсім көптеген 
жылдар бойы бізге белсенді əлеуметтік саясат 
жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе 
арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық 
дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты 
экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға 
қарамастан, біз əркез қазақстандықтардың əл-
ауқатын арттырып келдік. Он жылда əлеуметтік 
салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш 
бойынша 3 есеге жуық өсті. Əлеуметтік сала мен 
мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің 
саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет 
жəрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін 
қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан 
астам азамат алады.
Экономикалық тəуекелдерге, жалпы, ештеңеге 
де қарамастан, біз халықты əлеуметтік қолдау 
шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. 
Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 
денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 
еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға 
дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі 
– 29 пайызға дейін, əлеуметтік қорғаудағы 
қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын 
жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің 
түрлі категорияларына қатысты сараланған 
тəсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы 
мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға 
байланысты əлеуметтік жəрдемақылардың 
25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар 
қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 
қаңтарынан бастап біз инфляция деңгейінің 
алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 
2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» 
корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің 
еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын бола-
ды. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік 
шығындарды оңтайландырғаннан кейін 
үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру 
үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы 
əлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!
Мен барлық əлеуметтік жағынан əлсіз 
қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз 
мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып 
келдік. Сонымен қатар, əлеуметтік əділеттілік 
бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, əрбір əлеуметтік 
төлем – бұл жай бюджетке ғана емес, əрбір 
жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша 
салмақ. Əлеуметтік əділеттілік идеясы жұмыс 
істейтін қазақстандықтарға қатысты əлеуметтік 
əділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну 
керек. Бұл – солардың ақшасы!
Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді 
экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. 
Азаматтарға əлеуметтік қолдауды кеңейту 
мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші 
тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың 
жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. 
Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-
2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас 
Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын 
болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды 
дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жоба-
лары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең 
ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен 
біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. 
Кəсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу 
кеңеюде.
Бүгін мен жаңа əлеуметтік саясат жасау 
міндетін қоямын. Мемлекеттің əлеуметтік 
саладағы рөлі əлсіз қорғалған азаматтарды 
қолдаумен жəне адам капиталына инвести-
цияларды қамтамасыз етумен шектелетін 
болуы тиіс. Атаулы əлеуметтік қолдау тек 
мұқтаж адамдарға, олардың нақты табы-
стары мен өмір сүру жағдайын бағамдау 
негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар 
ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен та-
булары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген 
топтарының ерекше сұраныстарын ескере 
отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің 
құрылымдарын қайта қарау жəне оның түрлі 
деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай 
ішінде əлеуметтік қамсыздандыру жүйесін 
оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тап-
сырамын.
Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау 
тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен 
қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде 
ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке əлеуметтік 
көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан 
бастап енгізуді тапсырамын. Əлеуметтік 
саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам 
капиталын дамытуға кең ауқымды инвестици-
ялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған 
бағдарламаларға сəйкес, білім беру жəне 
денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды 
жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан 
бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін 
кəсіби-техникалық білім» бағдарламасы баста-
латынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға 
кірісуді тапсырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет