Қымбатты қазақстандықтар!
Дағдарыстардың бəрі өткінші, өтеді де
кетеді. Ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ
болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мəңгі.
Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын,
біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан
кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің
қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мəңгілік
Ел болу үшін бізде бəрі бар. Тəуелсіздіктің туын
желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих
алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз –
тəуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз
– бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы
алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып,
асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап,
жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың
көк байрағы əрдайым биікте желбіресін!
Алға, Қазақстан!
|