3 желтоқсан 2015 жыл Алау
2015 жылдың 30 қарашасы
күні Ақордада Елбасымен өткен
жиынғаШ.Уəлиханов атындағы
КМУ-дің ректоры Əбжаппаров
Əбдімүтəліп Əбжаппарұлы арнайы
шақырылып, атаулы шараға қатысып
қайтты. Білім ордасының басшы-
сы Əбдімүтəліп Əбжаппарұлы
ондағы Жолдауда айтылған негізгі де
нақтыреформалар мен Елбасының
үкіметке қойған талаптарын өз
аузынан естіп, Қазақстан халқына
жүктелген тапсырмаларын ұжымға
жеткізді. Əсіресе, Ə.Əбжаппарұлы
Жолдаудағы бүгінгідей сын
сағаттарда бізге, яғни, Қазақстан
халқына үлкен жауапкершілік
артылғанын жəне өз отандастары-
на сеніммен қарайтынын, бүгінгі
дағдарыстар мен бөгеттерді бірігіп
жеңе алатынын, біздің мақсатымыз –
елі бақытты, жері гүлденген қасиетті
Отанымыз Қазақстанды «Мəңгілік
Ел» ету! Əлемдегі ең дамыған 30
мемлекеттің қатарына қосып, бай да
қуатты елдермен иық түйістіру екенін
атап, осы мақсатымызға міндетті
түрде жетеміз деп үлкен сенім артты.
Сонымен бірге «Қазақстан-2050»
Стратегиясын осы уақыттың
өзінде-ақ біздің оны жүзеге асы-
рып жатқандығын, тіпті, жаһандық
дағдарыстың теріс ықпалына
қарамастан, орасан зор нəтижелерге
қол жеткізіліп жатқанын атап өтті.
Біріншіден, Давос экономикалық
форумының Жаһандық бəсекеге
қабілеттілік индексі көрсеткіші
бойынша Қазақстан əлемде 42-ші
орынға ие болды. Екіншіден, бизнес
үшін барынша қолайлы жағдайлар
жас айтын елдердің əлемдік
рейтингінде Қазақстан 41-ші пози-
цияны иеленді. Үшіншіден, бүгін, 30
қарашада Қазақстан Дүниежүзілік
сауда ұйымының заңды түрдегі
толыққанды мүшесіболды. Бұл оқиға
тəуелсіз Қазақстанның тарихындағы
маңызды кезең болып табылады.
Ол біздің еліміздің толыққанды
сауда-экономикалық əріптесі ретінде
мойындалуын айғақтайтындығын
атап өтті. Ұлт Көшбасшысы өз
сөзінде соңғы жылда атқарылған
істерге баға беріп, экономикамыз-
ды, мемлекетіміз бен қоғамымызды
нығайтуды көздейтін жаңа шаралар-
ды белгіледі.
Экономикалық жағдайды сөз ете
келе, Н.Назарбаев: «Таяу уақыттарда
бізге келесі бес бағыт бойынша
дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық
кешенді жаңаруларды жүзеге асыру-
ымыз қажет»,-деп атап өтті.
Президентіміз əлеуметтік салаға
талдау жасай келе, 2017 жылдан
бастап «Барлығына арналған тегін
кəсіптік-техникалық оқу» атты
жаңа жобасының іске қосылатынын
хабарлады жəне Үкіметке оны
əзірлеуге кірісуді тапсырды. Елбасы:
«...техникалық кадрларды даярлау
жүйесін барынша дамыту қажет.
Техникалық жəне кəсіптік білім беру
инвестициялық саясаттың негізгі
бағыттарының бірі болуы тиіс» -деп
көрсетті.
Нұрсұлтан Əбішұлы сыртқы
саясаттағы мəселелерге қатысты
«Өзіміздің салмақты сыртқы саяси
қызметімізбен біз бүкіл əлем бой-
ынша көптеген достар таптық. Олар
бізді қолдап келеді», -деп мəлімдеді.
Президент сөзінің соңында барлық
саяси партияларды, қоғамдық
бірлестіктерді, барлық азаматтарды
Отанымыздың игілігі жолындағы
ортақ іске жұмыла кірісіп, аталған
Жолдауды жүзеге асыруға белсене
қатысуға шақырғанын айтты.
Ұлт Көшбасшысы Жолдауын:
«Біз жаңа жаһандық дағдарысты
міндетті түрде жеңеміз. Біз
Қазақстанымызды дамудың жаңа
шептеріне шығаратын боламыз!
Алға, Қазақстан!»-деген жалынды
сөздерімен қорытындылады.
Шараға проректорлар, факуль-
тет декандары, бөлім жетекшілері,
магистранттар мен студенттер,
БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен
бірге Университет қызметкерлерінің
ат ап а й т с а қ , п р о ф е с с о рл а р
Қ.Қ.Құсайынов, Х.Ж.Байшагиров,
Б . В . К р а ма р е н ко , д о кто р а н т
Г.Бөкен, магистрант Д.Айтқожина,
«Серпін-2050» əлеуметтік жобасы
бойынша оқуға түскен Техника жəне
технология факультетінің 1 курс
студенті Б.Сапарбеков жəне «Арқа
ажары» газетінің тілшісі Бақыт
Смағұл жəне т.б. Жолдау туралы
пікірлері тыңдалып, олардан БАҚ
өкілдері тарапынан Жолдау туралы
ақпараттар алынды.