Құрметті отандастар! Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде
қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастай-
ды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз
бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа
шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздың
мойнымызда еліміздің болашағы үшін орасан
зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын
жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына
Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асы-
руда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын
беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-
қимыл негізі жəне таяудағы жылдарға арналған
бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру,
қойылған барлық міндеттерді орындауда
біріктіру керек. Партиядан сайланған депу-
таттар дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық
қайта жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан
қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық саяси
партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық
азаматтарды Отанымыздың игілігі жолындағы
ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды
жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.
Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру
кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты
міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас
ерік-жігер, халық бірлігінің берік дəстүрлері
бар. Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа
шептеріне шығаратын боламыз!