Құрметті қазақстандықтар! Осыдан екі жыл бұрын мен «Қазақстан-2050»
Стратегиясын жарияладым. Осы уақыттың
өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті,
жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына
қарамастан, орасан зор нəтижелерге қол
жеткіздік.
Біріншіден, Давос экономикалық форумының
Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексі
көрсеткіші бойынша Қазақстан əлемде 42-ші
орынға ие болды.
Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы
жағдайлар жасайтын елдердің əлемдік
рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны
иеленді.
Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада Қазақстан
Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі
толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-
ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде
хабарланатын болады. Бұл оқиға тəуелсіз
Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең бо-
лып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды
сауда-экономикалық əріптес ретінде мойын-
далуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға
өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де,
экономикамыздың шешуші секторларына
келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа
мүмкіндіктер ашады.