Және Ғылым министрлігі Е. А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет20/65
Дата13.10.2023
өлшемі427,06 Kb.
#185252
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
Abdrahmanov

Кедергіден ӛту – техниканың ең қиын элементі: бұл итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының ұшымен жедел қойылады, осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда дененің ортақ масса күші жоғарғы қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мӛлшерде болады. Итеру бұрышы 65°- 70° кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті «шабуыл жасау» деп аталады. Кедергі шабуыл жасаудағы ең басты элемент- сермелетін аяқтың қозғалысы тізеден бүгіліп, аяқ жедел алға, жоғары бағытталады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-теңдік жылдамдықты жоғары деңгейде ұстайды.( 7сурет)
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте (сермелген аяқ түзу болған кезде) дене жедел алға еңкейеді, сермелетін аяққа қарама қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан бүгіледі, сермелетін аяқ түзелген сәтте қол жазылып алға жіберіледі. Алақан сәл ішке, тӛмен бағытталған. Кейбір желаяқтар шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп сырт жаққа бағытталып, тез жоғары алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа артқа тӛмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол жай жүгіру кезіндегідей бүгіліп алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массаның ӛтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табан тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады.
Кедергіден түсерсәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы ӛте зор. Ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады.
Қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады. Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтың тез қозғалуына ӛз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буынынан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің

осындай кедергіден ӛту әрекеті жылдамдықтың аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді.


Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымының параметрі практика жүзінде ӛзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым ең қысқа, екінші ең үлкен, екінші адымға қарағанда үшіншісі он – онбес сантиметр қысқа. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші ӛжет, қайратты, бірақ денені бос ұстағанда ғана ӛз нәтиежесін береді.
Сӛреге жету ақырғы кедергіні ӛткенде басталады және спринтерлік жүгіру болып табылады. Кедергіден жүгіруші осы дистанция бӛлігінде барлық назарын адым ұзындығына және жеделдігіне аударады. Бұл жоғары жылдамдықты ұстауға ӛз үлесін қосады. Мәре сызығы бӛлігінде денені ерте кӛп еңкейту уақытты кешеуілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет