4 – міндет. Планка арқылы ӛту және жерге түсу техникасына оқыту.
«Аттап ӛту» әдісі бойынша планка арқылы ӛтуге үйретуге кӛшпес бұрын, секіруді үйрету тәсілдерінің кемшіліктері мен артықшылықтарын белгілеп қою керек. Ұшу фазасында секіру қозғалысының техникасын меңгерген кезде имитациялық және арнайы секіру жаттығулары аса маңызды рӛл атқарады. Дайындық жаттығуларын меңгере отырып, оқушылар планка арқылы секіру кезінде секірушіні қозғалыс техникасына үйрету жалғаса береді. Планка арқылы ӛтуге үйрету және жерге түсу үшін келесідей жаттығулар қолданылады:
бір бүйірмен тұру, орындық, резеңке эспандер сызылған түзу бойымен планка арқылы қозғалу техникасының имитациясы;
серпілетін аяқ жағымен планкаға бүйірімен тұрып, алдымен сермейтін аяқпен, сосын итеретін аяқпен планка арқылы қозғалыс жасау;
сол қалыпта, тек секіру;
сол қалыпта, тек қадам басу;
екпін алып, 3,5 қадамда планка арқылы секіру;
итеретін аяққа қарай денені бұру;
сол қалыпта планкадан секіру үшін екпін алып, секіргенде планкадан белдің бӛлігін биігірек ұстау;
жеке қателіктерді түзетіп, планка арқылы секіру.
Планка арқылы ӛту үшін барлық қозғалыстар қатаң түрде екпін алу сызығынан басталып орындалуы керек және ол келесі жаттығуды орындағанда қадағаланып отырылуы керек.
«Лақтыру» тәсілі бойынша секіру техникасын оқыту
Итерілуге дайындық қадамының ырғағынмеңгере отырып, итеріп екпін алуды сәйкестіре білсе, онда планканы бағындырудың күрделі тәсілдерін меңгеруге кірісуге болады.
Алайда, «лақтыру» тәсілі бойынша оқытуды бастағанда,
«аттап ӛту» тәсілін оқытуды алып тастамаған жӛн, себебі ол оқушыларды дұрыс итерілу мен бос аяқтың серпіле қозғалуының сәйкес болуына бағыттайды.
міндет. Оқытылып отырған секірудің техникасымен таныстыру.
Бұл міндетті орындауда секірудің басқа тәсілдерінде қолданылатын құрылғылар қолданыла береді.
міндет. Итерілу техникасын үйрету.
Үйрету үшін келесі жатттығуларды қолдану керек:
биік заттарға түзу және бір жақ қырымен екпін алып секіру(«козел», «конь»);
Түзу екпін алып планкадан секіру, итерілген аяқты түзу ұстап, серпілген аяқпен жерге түсу керек («на взлет» секірісі);
гимнастикалық бетке іліну арқылы секіру;
жоғарыда ілінген затқа серпілген аяқты тигізіп секіру.
Итерілу техникасын үйрене отырып, әртүрлі ұзындықтағы екпін алуды қолдану керек. Бұл оны еркін және назарды итерілуге аударып орындауға кӛмегін тигізеді. Қозғалысты жақсы амплитудамен және нақты жоғары орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |