міндет. Итерілумен сәйкес екпін алу техникасын үйрету. Екпін алуды үйретуде мынадай жаттығулар қолданылады:
жоғары итерілу арқылы екпін алып түзу бойымен жүгіру;
белгілер бойынша екпін алу;
санау бойынша екпін алу (шапалақ);
планкадан аттамай секіріп екпін алу бойынша жүгіру;
3,5,7,9 екпін алу қадамдарымен планкадан секіріп итерілетін аяқпен жерге түсу (пистолетиком);
ұтымды екпін алуды табу.
міндет. Планка арқылы ӛту мен жерге түсудің техникасын үйрету.
«Лақтыру» тәсілі арқылы планкадан ӛту техникасын үйрену үшін келесідей жаттығулар кӛмектеседі:
гимнастикалық қабырғаға қарсы тұрып қолмен ұстап, итеретін аяқты созып, тізе мен ӛкшені басқа жаққа бұру, денеде бұрылады;
сол жаттығу, тек жатып орындау;
серпілетін аяқтың қадамымен итеретін аяқтың ұшымен бӛксеге созылып 1800–қа бұрылып, содан соң итеретін аяқты жерге қоямыз;
екпін алудың 1,3 қадамында секіріп, итеретін аяқтың басын бӛксеге созып, 1800–қа бұрылу;
дәл солай, тек еңкейтіп қойылған планка арқылы;
гимнастикалық атқа жатып, итеретін аяқтың табанын бӛксеге созып, тізені сыртқа бұру және «аттан» құлау;
«лақтыру» тәсілі бойынша қол жетімді биіктіктегі планка арқылы секіру;
міндеті. «Лақтыру» тәсілі бойынша бииіктікке секіру техникасын жетілдіру.
Оқытудың бұл деңгейінде оқушының жеке ерекшеліктері анықталады. Секірудің техникасын жетілдіру үшін әрбір сабақта оқыту әдістемесін қысқаша қаайталау керек, ол секіруді толығымен жақсылап меңгеруге кӛмектеседі.
«Фосбери -флоп» тәсілімен секіруді ҥйрету.
«Фосбери -флоп» тәсілімен секіру техникасын үйрену, тек арнайы құрылғылары бар жерде үйретіліп (жерге түсуге арналған, жұмсақ паралон тӛсеніштер), сақтық шараларының сақталуын талап етеді.
міндет. «Фосбери -флоп» тәсілімен екпін алып биіктікке секіру техникасымен таныстыру.
Басқа секіру түрлерінде қолданылатын құрылғылар қолданылады.
міндет. Итерілу техникасын үйрету.
Итеріліп орнына аяқты қоюды үйрену үшін келесідей жаттығулар қолданылады:
гимнастикалық қабырғаға бүйірімен тұрып, қолмен ұстап, итеретін аяқты қою имитациясы;
дәл сол жағдай, бірақ жоғары қарай секіреміз.
дәл сол жағдай, бірақ жүру қозғалысы жасалады, содан кейін – жүгіріп,3 және 5 қадамдарды жасағанда итеріледі;
ілінген затқа басын не қолын тигізе итерілу.
Итерілуді үйретуге бағытталған жаттығуларды орындай отырып, итерілетін аяқтың толық табанға қойылуын және тӛмен
артқа қозғауды қадағалап отыру керек.
міндет. Доға бойынша итеріліп екпін алу техникасын үйрету.
Доға бойынша екпін алу техникасын меңгеру үшін келесідей жаттығулар кӛмектеседі:
-радиусы 10-15 м шеңбермен жүгіру;
шеңбер бойынша жүгіру түзу бойымен жүгіруге ауысады;
1,3,5 қадамдар арқылы жоғарыға итеріліп шеңбер бойымен жүгіру;
вираждың ортасында итеріліп жүгіру;
вираж бойынша жүгіруді сақтап планкадан итерілуді имитациялау;
доғаға ұқсас толық екпін алып затқа жету(баспен, қолмен). Доға бойынша екпін алуды орындағанда дененің шеңбер ішіне бүгілуін және виражға кіргендегі жылдамдықты қадағалау керек. Қолдың жұмысына назар аудару керек. Ол қиылысу қозғалысын орындайды, «сыртқы» қолды дененің сырт жағына
шығару, «ішкі» қолды артқа жіберу керек.
міндет. Планка арқылы ӛту мен жерге түсу техникасын үйрету.
Планка арқылы ӛтуді үйренгенде келесі жаттығуларды қолдану қажет:
арқамен жатып мостқа тұруды орындау;
екі аяқ арқылы итеріле, орнында тұрып жиналған спорттық тӛсеніштерге секіру;
орнынан резеңке арқылы секіру, оған арқамен тұрып, екі аяқтың кӛмегімен итерілу;
орнында тұрып резинка арқылы секіру, мосттан екі аяғымен итерілу;
«Фосбери -флоп» тәсілі бойынша екпін алудың 3,5,7 қадамдарында планкадан секіру.
Осы жаттығуларды сан мәрте қайталаған соң ғана планкадан секіруге кӛшуге және 50 см-ден кем емес паралон жастыққа түсуге болады. «Фосбери -флоп» тәсілімен орнынан екі аяғымен итеріле биіктікке секіруді орындау кезінде, иекті кеудеге мықтап тіреп, басты қозғалыс жаққа бұру керек. Жауырынмен құлағаннан кейін артқа домалау арқылы қозғалыс аяқталады.
міндет. «Фосбери -флоп» тәсілі бойынша биіктікке секіру техникасын толық үйрету және оны жетілдіру.
Оқытудың бұл деңгейінде жеке ерекшеліктерді, сонымен қатар оқушылардың функционалдық және қозғалыстық мүмкіндіктері анықталады. Сол мақсатта келесі жаттығулар қолданылады:
қысқа және толық екпін алуда секірудің жеке фазаларын орындауға акцент қойып планка арқылы секіру;
-техника мен қорытындыны бағалай отырып, толық планка арқылы секіру;
ең максимал биіктікте гимнастикалық мост арқылы планкадан секіру;
негізгі қозғалатын әрекеттің қозғалу ырғағын және құрылымын сәйкестендіретін имитациялық жаттығуларды орындау;
максималды қорытынды үшін жеке екпін алып секіру.
Секіру техниккасын жетілдіру кезінде ақырындап планканы кӛтеру, екпін алу жылдамдығын кӛбейту және екпін алудың соңғы қадамдарының ырғағтық-темптік құрылымының тиімділігін кӛтеру қажет. Бұл этапта толық секіруді орындаудағы жеке элементтер техникасына назар аудару әдістерін қолданған тиімді. Жетілдіру кезінде үйретіліп отырған секіру құрылымына ұқсас имитациялық жаттығуларды жиі қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |